Жас келін
Жетісу келген жерім,елім Қыбырай,
Жаратқан етек-жеңінен кең ғып құдай
Келің боп осы еліме келген күні,
Ән салдым, сұраған соң Жәкем болмай.
Жылқысы біздің елдің ала мойын,
Су ішіп айдын көлде салады ойын.
Сүйеніп тал құрыққа тұрғанымда
Қалқада әрқашанда болады ойым.
Көк ала үйрек ұшады көлге қарсы
Жануардың ұясы желге қарсы.
Сағынғанның белгісі сол емес пе,
Орамалға тамады көздің жасы.
Дүние-ай, өткенің бе екі келмей,
Табаны тарлан боздың гулер желдей.
Сағындым, айнам,
Сағындым сені.
Дегенде ырғи-қырғи,ырғи-қырғи,
Қанаты құйрығынан ұзын қырғи.
Барынды оралыңның ойна да күл,
Барады өтіп заман сырғи-сырғи,
Қарағым, айналайын, қалқажаным,
Сенбе едің, бұл жалғанда бар арманым.
Ала алмай хабарынды коптен бері,
Болғанмен сыртым бүтін, іште жалын.
Дегенде Шәпибай-ау, Шәпибай-ау,
Атымды талға байлап, келдім жаяу.
Атымды талға байлап келсем жаяу,
Шәпи қыз отыр екен ұйқылы ояу.
Қарқаралы басында жалғыз арша,
Хатқа жүйрік сол қалқа мұсылманша.
Кішкенеден бірге өскен сәулем едің,
Өмірің аз ба, көп пе, әлде қанша?
Қорқамын шымылдықтың құруынан,
Бір жаман қолын сұғып тұруынан.
Жалғанда қыздан сорлы жан бар ма екен,
Айырылып кете барар руынан.
Көк ала тай, көтерші иегіңді,
Өлсең тауып қояйын сүйегіңді.
Жаным сүйген жан сәулем деп жүргенде
Қандай жеңгең айнытты жүрегіңді.
Әуеде ұшып жүрген көк көбелек,
Жазайын дертің болса су себелеп.
Кеткенде ауылың шалғай, ей,перизат,
Жортайын аш бөрідей тау жебелеп.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі