Сырласу
Айтпашы, әже, ойынды түсінемін,
Көңіл жүдеп, енбесін түсіме мұң.
Сырым аулақ болса егер сол жандардан,
Неліктен маңдайға әжім түсіремін?..
Ойнайды бөбек ойнақ сап,
Ананың бақыт жұлдызы.
Қарайды дүние ойлап қап,
Жайнаса жарқын нұр жүзі.
Толқын күліп судың беті шымырлап,
Нұр өбеді суға төніп сыбырлап.
Сағым жүйткіп жалт-жұлт етті дамылсыз,
Жатыр ма әлде ойшыл жаннан сыр ұрлап.
Кез еді кеш батуға ыңғайланған,
Шоғыр бұлт көк жиекте түр байланған.
Кім білсін ол да мені сағынды ма,
Қара орман қолын бұлғап шулайды алдан.
Қиялды Алтынбесік тербеді ме,
Көңіл кетті қанатын сермеді де.
Тасқындап қалайын бір нөсердейін,
Орамай тұрғанда жер жөргегіне.
Басты еңсені қалың ойлар — қорғасын,
Ұзақ жолдар сапарласым, жолдасым.
Россияның тәңірі болған — Петрдің,
Көріп тұрмын тақ пен тәжін, ордасын.
Жадырайды, жаудырайды жазғы аспан,
Ақша бұлттар баурайында қаз басқан.
Алдым заңғар жолы жатыр бұралаң,
Таймау үшін келем көзді жазбастан.
Қайшы алысты шағалалар шарқ ұрып,
Нева лықсып, қарауытты жар тұнып.
Мойнын созып қарайды алыс Аврора,
Теңселемін сабырым сонша сарқылып.
Әркімге
Тағдыр түрлі сый арнады,
Көңілімді жұмбақтау сыр арбады.
Бір бастаудың көзі едік мөлдіреген,
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
- Ханна Арендт
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі