Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (38) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (5)

Аспандағы қоштасу

Көк аспанның көкірегі гүр етті,
Аяп кеттім аспандағы жүректі.
Күркіреген күннің дауысын бір естіп,
Жердің бетін жасын қарыды,

Толық

Аспан қызы

Аспандағы ауылдың қызы,
Күліп жүргейсің жердің бетінде!
Жердің бетіне келдің бе түнде?
Пенденің киіп терісін.

Толық

Аспан

Менің тым зеріккен мұңым —
О, бәлкім, қыр асқан ғалам.
Беу, шіркін, неліктен бүгін
Ұқсайды мына аспан маған?

Толық

Самғап ұшар аспаны жоқ ерлерге

Самғап ұшар аспаны жоқ ерлерге,
Осыншама азап сыйлап нетесің?
Жүрегімнің бар екенін кеудемде,
Еске салып кетесің.

Толық

Даңқ аспаны

Биiк қой аспан, биiк-ақ,
Сенбеймiн жетем деуге мен.
Қараймын көзбен сүйiп ап,
Арманға толы кеудемен.

Толық

Әлдилеп тыныштықты сыр тыңда, аспан

Әлдилеп тыныштықты сыр тыңда, аспан.
Көңілдің айықтырып бұлтын басқан.
Кеудемде сайрағандай шыр-шыр етіп,
Даланың бозторғайы бір тынбастан.

Толық

Түнерген мен емес, аспан

Түнерген мен емес, аспан,
Жас төккен мен емес һәм.
Жанарын зілдей түн басқан,
Мен емес ауырған,

Толық

Аспан асты ақ толқын

Теңіз де теңіз сары ала
Жел құшағы жетпеген
Теңіз құсы шағала
Ол да кесіп өтпеген.

Толық

Алматының аспаны

Тал түсте,
Бозғыл деңгейде,
Шуағын жерге төккен Күн.
Жылымық қыста кей-кейде

Толық

Анау - аспан, мынау - бақ

Анау - аспан, мынау - бақ,
Аспанда бұлт, бақ жадау.
Мамық ұшты, қылаулап,
Қыс та келіп қалған-ау.

Толық

Күзгі дала аспаны

Бұл күн де өтті,
Алаңдатып, әр қадамын санатып,
Дыбыс шықса жуық маңнан
Өзіне жалт қаратып.

Толық

Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен

Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен,
Менмен, кердең, қайғысыз ер көңілмен,
Жазғытүрым жасырып жердің бетін,
Жасыл шөппен, бой жеткен егінмен тең.

Толық

Түнгі аспан

Түнгі аспан – шексіз әлем,
Жұлдыздары – мөлдір өлең.
Ай нұрымен сырласады,
Самал желмен үндескен.

Толық

Маңғыстау шаңы

Маңғыстау да көз аштырмас шаңлы боран соғады,
Бүгінгі іс, ертеңге қалып, жұрт үйінде тығылып жатады,
Көз тастасаң далаға ештеңе де көрінбей,
Сұқ-сұқ етіп терезені ойып барады!

Ашулы боран гу-гу етіп соғады,
Жаңбыр жауып үстінен, жағаласып қояды,
Шаң мен жаңбырдың арасындағы бұл күрес,
Түбінде бәрі-бір жаңбыр жеңіп шығады!

Толық

Астрономия

Жатырмын ақшамнан кейін тапшанда,
Жәймен еседі беттен жел ғана,
Аспан көктен түнек болғанда,
Жарқырады жұлдыздар аспанда.

О, жаратқан ием Алла,
Ғашықпын мен аспанға,
Күнге, айға, жерге, жұлдызға.
Аңсаймын сонда баруға!

Асыл жұлдыз болуға,
Бәрі тамсанып қарауға,
Баурайды олар мені өзіне,
Келе ғой деп шақыра!

Эх, Астрономия!
Неге жұлдыз болмадым,
Неге күнге бармадым,
Жерде таңсана мен қалдым!

Толық

Жарық жұлдыз

Кеш келгенде алыстарды армандаймын,
Сол үшін мен ұйқымды алаңдаймын,
Арман әлемінде мақсат болған құпия,
Тілектерді тек түн келгенде тапқандаймын.

Бұл айлы түн жұлдызбенен жамылған,
Шексіздікке көз тартып еліктірген,
Кел, шырақ тағыма отыр дегендей,
Шақырады сол бір жарық жұлдыз.

Таң бола сала жұлдыз сөнеді,
Сол көз қарас оны алыстан іздеді,
Аспан әлеміне шақырған жердегі күн
Сәулесі кенет сөнген де кім іздеді?

Сол таққа отырсам бір күні мен,
Анау жарық жұлдыз кім десе,
Арсланбек атты ғибрат тұтар Қазақ деп,
Жарық жұлдыз ағып өтті дей ме екен?

Толық