Алматының аспаны
Бұл бетте «Алматының аспаны» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тал түсте,
Бозғыл деңгейде,
Шуағын жерге төккен Күн.
Жылымық қыста кей-кейде,
Иісі келер көктемнің.
Ұмыттырар ақпанды,
Боз аспан, онан боз дала.
Осынау ғажап шақтарды,
Қозғама, тәңір, қозғама!
Оралады өткен күз,
Қыс келеді.
Төсі қар.
Ұзатылған көктем-қыз
Қайта оралса, несі бар?!
Ішке сыйған баламыз,
Сыртымызға сыяды.
Кең ғой біздің даламыз!
Зиялы да ұялы.
Қайдан келсін бірақ та,
Мезгіл жетпей қыз-көктем.
Қарашы анау қыратқа,
Арқасына мұз шөккен.
Алматының аспаны,
Бізді әзірге тұр алдап.
Қайың, терек бастары,
Барады әне, қыраулап...
оте асерли создер мактаныш сезиммен маган унады
Өзім Алматыда тұрған соң, осы өлеңді оқысам, жаным жай табады
керемеи
Керемет олен шумактары маган унайды.
таңғажайып....
Керемет өлең шумақтарынан әдемі әсер аласың маған өлең шумақтары қатты ұнайды
Дилмурат
Мұқағали Мақатаевтың Алматының аспаны өлеңі ұнады