Астана
Көшім озды басқадан,
Атты елдің бақ таңы.
Арқадағы Астанам –
Алты алаштың мақтаны.
Мөлдіреген айдынымыз,
Жарқыраған Ай, Күніміз.
Тәуелсіздік аңсап жеткен,
Ең қастерлі байлығымыз!
Арғымақ мініп, ту алған бабам,
Үміт үзбеген ұлы армандардан.
Көк туым биік асқақ тұр бүгін,
Арылып шер мен мұнардан далам.
Бар уақыт дәлдікте,
Алпыс минут – бір сағат.
Қанша сағат тәулікте,
Береді екен кім санап?
Бабам салған ізге ерген,
Салт бұзылмас ізгі елден.
Құда болар мың жылдық,
Қыз алысып, қыз берген.
Секең-секең, секеңдеп,
Маған кім бар жетер деп.
Мақтанды Доп асыққа,
Бәріңдікі бекер деп.
Данабек те кешеден,
Шығарды сөз таласын.
Көрдім деді көшеден,
«Пойыздың мен баласын».
Ұлы Абайдай хакім бол,
Сүйінбайдай ақын бол.
Елін, жерін қорғаған,
Қабанбайдай батыр бол.
Өнегелі жол ұқсаң,
Әдебіңді дәлелдер.
Жасы үлкенге жолықсаң,
Бірінші боп сәлем бер!
Атам тайға мінгізді,
Тізгін берді қолыма.
Қолға қамшы ілгізді,
Шық деп өмір жолына.
Кітап, дәптер, қаламым,
Сөмкеме оны саламын.
Күтетін оқу құралын,
Мен ұқыпты баламын.
Тәңірден талант дарыған,
Ертеңін елдің таныған.
Қорғасындай балқытып,
Қызыл тілімен қарыған.
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі