Туған жерім – тұрағым
Туған жерім – тұрағым,
Тартады да тұрады.
Көрген сайын құмарым
Артады да тұрады.
Туған жерім – тұрағым,
Тартады да тұрады.
Көрген сайын құмарым
Артады да тұрады.
Туған жердің алабы
Тұла бойды тербеген.
Серік болып самалы,
Желпіндірген желменен.
Асан ата сағатына қарады,
Сағынышы артып, шіркін, барады.
Арман атты жалғыз ұлы ауылға
Келе жатыр, артқа тастап қаланы.
Далам жатыр көркейіп,
Шуақты күн өртеніп.
Көкрек керіп дем алам,
Жарқын менің ертеңім.
Таулы, тасты сала көп,
Сірә, мұндай дала жоқ.
Атаң менен әжеңнің
Өскен жері бала боп.
Жадымда, бала дəурен сəн құрғаны
Біз едік əжелердің балдырғаны
Тəтті кезден таңдайда дəмі қалған
Анамның жаңа үзілген тандыр наны.
Құлсарым менің көркейген,
Табиғаты қандай тамаша!
Сәнді үйлер бой көтерген,
Ғимараттармен таласа...
Кең Жылыойым, туған жерім, мекенім!
Әнге қосып, сені жырлап өтейін.
90 жылдық,мерейлі сенің тойыңа,
Жүрегімнен жырымды арнап кетейін...
-
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі