Қазақ тілі
Қазақ тілі көктегі менің байрағым,
Ана тілім сенімен мен самғадым.
Ана тілім жаса мәңгі,
Сеніменен жалғасады тағдырым.
Қазақ тілі көктегі менің байрағым,
Ана тілім сенімен мен самғадым.
Ана тілім жаса мәңгі,
Сеніменен жалғасады тағдырым.
Бар шаттыққа мен оңай жетем бүгін,
Тілім аман, дінім бар, мекендімін.
Құт дарыған тілімнің сағат сайын,
Мен тәңірден сұраймын есендігін.
Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей тұрып туған ана тіліңді.
Өнер дертi көтерiп ыстығымды,
Өлең жазып өткiздiм қысқы түндi.
Барлық тiлдi бiлем мен, Муза келсе,
Адам түгiл, түсiндi құс тiлiмдi.
Мен қазақпын, тілім қазақ мәңгілік,
Ұмтылмаймын өзге тілге, мән беріп,
Қазағымның дана тілі тұрғанда
Ұнамайды әуенді тіл шетелдік!
Кең байтақ қазағымның даласындай,
Көзімнің ағы менен қарасындай
Қазақтың "жалпақ қара" сөзі деген,
Ұғым бар әр қазақтың санасында -ай.
Тілімді орысшамен тілімдеген
Орыстың саясаты аз болдыма?
Қазағым жаңа қазақ болған кезде
Қайтадан өзге тілге-тіл артты ма?!
Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен, Қазақ тілім!
Қазақ тілі – ана тілім,
Көне тілім, жаңа тілім.
Ұрпақтардан ұрпақтарға
Мұра болып қалатұғын.
О, менің дара тілім, ана тілім,
Бесікте - ақ басталған сенің үнің,
Ешбір тілге айырмай жақұттарды
Құлағыма сіңірген жарық күнім.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Күш кемiдi, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.
Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі