Алма мойын ақ бидай
Таңдаулы көңілім сүйген бір бидайым,
Салайын шырқап әнге келсе ыңғайым.
Анаңнан тудың артық сонша бөлек,
Сен біткен ойпаң жерге бір жас қайың.
Таңдаулы көңілім сүйген бір бидайым,
Салайын шырқап әнге келсе ыңғайым.
Анаңнан тудың артық сонша бөлек,
Сен біткен ойпаң жерге бір жас қайың.
Ар жағында Ертістің үйілген тас,
Ақ маңдайға жарасар қиылған қас.
Тіршіліктің барында ойна да күл,
Қайта айналып келмейді жиырма жас,
Жайықтан ары өтейін, бері өтейін,
Тор бесті ат екі өткенде терлетейін.
Есіме сен түскенде-еу, беу, бауырым,
Көңілді айтып өлең делбетейін.
Арғы-ай жағы-ай Ертістің үйген боқтық,
Орыс-ноғайға қор қылған, қайран, жоқтық.
Қарағым, қалқам, Әлима-ай,
Қайтіп бір сені-ай, көрем-ай.
Базардан алып келген айнасын-ай,
Айнадай екі көзің жайнасын-ай.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Құрбыжан, бір көрінбей қайдасың-ай.
Етегі қызыл тонның қиылмаған,
Жалғыздық түсті, міне, биыл маған.
Дүниеде нендей мұңдық-қыздар мұңдық,
Топырақ өз еліңнен бұйырмаған.
Қарағым, айналайын, асыл туған,
Жібекпен қызыл шайы белін буған.
Отырса қос перизат жараспай ма,
Секілді ақ балапан-ай, о, ой, тұйғын қуған, а-ай.
А-ей! Халәләлә, халәләләләй.
Бұқардың наны тәтті, жолы қатты,
Айдадым жолға салып арық атты.
А-ай, а-а-ей, арық атты.
Айнам деп ән саламын он екі алуан,
Сөзімде саған айтқан бар ма жалған.
Тілімді-оу, неше айтсам да, тыңдамайсың,
Жан құрбым, сенде нем бар, о, менің жазған, а, о.
Базарда бұлы қымбат бас кілемнің,
Өспесін малы, басы қаскүнемнің-ей.
Сағынып жар дауысын жүргенімде,
Шығады даусы қайдан қос күреңнің-ей.
Алыстан көрінесің егіндей боп,
Егіннің жаңа шыққан көгіндей боп.
Алыстан аңсап сәулем келгенімде,
Көзіме кім көрінер өзіңдей боп.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі