Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (17) Өлеңдер (871)

Алай көк

Дария, ағып жатқан суда мін жоқ,
Хайуан, өлдім дерге малда тіл жоқ.
Құрбылар тіршілікте ойна да күл,
Бұл дәурен екі айналып келмегі жоқ.

Толық

Алқарай-гөк

Дария ағып жатқан суда мін жоқ,
Қайуан өлдім дерге малда тіл жоқ.
Құрбылар тіршілікте ойна да күл,
Бұл дәурен екі айналып келмегі жоқ.

Толық

Алқаракөк

Мінген атым астымда Алқаракөк,
Сіз дегенде көңілде бөтен ой жоқ.
Сен есіме түскенде, беу, бұраң бел,
От жанады ішімде түтіні жоқ.

Толық

Алқоңыр

Алқоңыр, ән салайын баяулатып,
Ел жігіт мал табады жаяулатып.
Астынан алты қырдың ән шырқасам,
Шыдайды дәтің қалай ояу жатып.

Толық

Алқызыл

Ат көркем көрінеді тұрманменен,
Жеткізбейді дүние қуғанменен.
Ақ көйлек — адал ниет, кір шалған соң,
Су кетірмес не керек жуғанменен.

Толық

Алқызыл гүл

Алқызыл гүл көрінер қашқан түлкі,
Қайда қалмас жігіттің жиған мүлкі.
Ойда тұрып жоғары қол сермеймін,
Көңіл шіркін болсын деп көтеріңкі.

Толық

Аллам жар

Шал да болсам мен өзім, қатқан шалмын,
Меруерт, маржан сақалға таққан шалмын.
Ішің күйсе, бозбала, тұз жалаңдар,
Талай сұлу жанына жатқан шалмын-ай.

Толық

Алма мойын ақ бидай

Таңдаулы көңілім сүйген бір бидайым,
Салайын шырқап әнге келсе ыңғайым.
Анаңнан тудың артық сонша бөлек,
Сен біткен ойпаң жерге бір жас қайың.

Толық

Алтай-Сауыр, көк жайсаң

Ар жағында Ертістің үйілген тас,
Ақ маңдайға жарасар қиылған қас.
Тіршіліктің барында ойна да күл,
Қайта айналып келмейді жиырма жас,

Толық

Алты құлаш

Жайықтан ары өтейін, бері өтейін,
Тор бесті ат екі өткенде терлетейін.
Есіме сен түскенде-еу, беу, бауырым,
Көңілді айтып өлең делбетейін.

Толық

Алтын жай

Ақ түлкідей құлпырған ажарың-ай,
Салма менің жаманға назарымды-ай.
Әрияй сәулем, қызығы-ай,
Алтын жай, арқада өскен балқурай,

Толық

Алты қыз

Артына ерткен қоянның көжегімен-уай!
Шылым тарттым жылқының тезегінен.
Бәликә-ау, Балжан-ай,
Мағрипа, Ғафия,

Толық

Алтын тақ

Сөйлейін сөйле десең, сөз келгенде-ау,
Сөйлесін деп Жасаған сөз бергенде-ау,
Өлеңді төрттен өріп, бестен салдым,
Сөйлер кісім алдымнан кез келгенде-ау.

Толық

Алуай

Ән салсаң, өзімдей сал баяулатып,
Ер жігіт мал табады жаяулатып.
Астынан алты қырдың ән шырқасам,
Шыдайды дәтің қайтіп, ояу жатып.

Толық

Алшаңгер

Үйірі қысырақтың құла дөнен,
Қайырып түлкі соқтым құла дөңнен.
Қара өлең оннан салып төңкерейін,
Болып па бұ да бұйым өлең деген.

Толық

Апажан

Жасымнан туып өскен қайран жерім,
Есімнен қайда жүрсем кетпес елім.
Апажан күнім-ай, жан Салиха.
Баласы Атабайдың алып барад,

Толық

Арғы-ай жағы-ай, Ертістің

Арғы-ай жағы-ай Ертістің үйген боқтық,
Орыс-ноғайға қор қылған, қайран, жоқтық.
Қарағым, қалқам, Әлима-ай,
Қайтіп бір сені-ай, көрем-ай.

Толық

Арда қоңыр

Базардан алып келген айнасын-ай,
Айнадай екі көзің жайнасын-ай.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Құрбыжан, бір көрінбей қайдасың-ай.

Толық

Ариайдай

Жыртылмайды ақ көйлек кең болған соң,
Екі құрбы ойнайды тең болған соң.
Саған айтпай сырымды кімге айтайын,
Шын ұнаған көңілге сен болған соң.

Толық

Аридай (1 ­нұсқа)

Етегі қызыл тонның қиылмаған,
Жалғыздық түсті, міне, биыл маған.
Дүниеде нендей мұңдық-қыздар мұңдық,
Топырақ өз еліңнен бұйырмаған.

Толық

Пікірлер