Аридай (2 нұсқа)
Қарағым, айналайын, асыл туған,
Жібекпен қызыл шайы белін буған.
Отырса қос перизат жараспай ма,
Секілді ақ балапан-ай, о, ой, тұйғын қуған, а-ай.
Қарағым, айналайын, асыл туған,
Жібекпен қызыл шайы белін буған.
Отырса қос перизат жараспай ма,
Секілді ақ балапан-ай, о, ой, тұйғын қуған, а-ай.
А-ей! Халәләлә, халәләләләй.
Бұқардың наны тәтті, жолы қатты,
Айдадым жолға салып арық атты.
А-ай, а-а-ей, арық атты.
Айнам деп ән саламын он екі алуан,
Сөзімде саған айтқан бар ма жалған.
Тілімді-оу, неше айтсам да, тыңдамайсың,
Жан құрбым, сенде нем бар, о, менің жазған, а, о.
Базарда бұлы қымбат бас кілемнің,
Өспесін малы, басы қаскүнемнің-ей.
Сағынып жар дауысын жүргенімде,
Шығады даусы қайдан қос күреңнің-ей.
Алыстан көрінесің егіндей боп,
Егіннің жаңа шыққан көгіндей боп.
Алыстан аңсап сәулем келгенімде,
Көзіме кім көрінер өзіңдей боп.
Тасқында, шырқа әнім, серме құлаш,
Серпілте ескектей соқ желмен талас, Агугигай.
Елімнің көкейіне құйылсын күй,
Асыл әнім, Агугигай.
Жатыр едім көгалда пішен шауып,
Су болды ақ көйлегім жаңбыр жауып.
Аулың сенің белде еді,
Шай көйлегің бүрмелі.
Біздің елдің дуаны Қарқаралы,
Бір ай бұрын жауады Арқа қары.
Ахау, айдай,
Өтіп күнім барады,
Ей, қалқа, жақындығың жандай еді,
Құрбының өзің теңді маңдайы едің-ай!
«Мырза шоқы жарлығы» тұрар тиіп,
Кетпейді тәтті лебің таңдайымнан,
Арман-ай, ақ сәулештің аулы шалғай,
Жан құрбым, жатыр нағып хабар салмай.
Тұр ма екен ол да өзімдей уағдасында,
Мен жүрмін өзге жанға назар салмай.
Ал, қалқам, маңдайыңнан нұрлы жүзің, ай-ау,
Аямай ажарлы боп туған өзің, ахау-гигай, туған өзің-ай.
Сүйегің райхан гүлден жаратылған, ай-ау,
Бұлбұлдай тұрған сайрап айтқан сөзің,
Біздерге бұйым емес өлең-ай боқ,
Қашаннан қара өлеңге мейірім жоқ.
Жақсылар, халық билік айт дегенде,
Бір тілім, екі жағым тақайыр жоқ.
Алыстан ат терлетіп-ай, келдік тойға,
Жақсымен сұхбаттасу, әдәдай, дай-ай, болып ойда-ай.
Түйілген қыран бүркіт-ой, біз боламыз,
Теңгеріп жүрме құрбым, әдәдай, дай-ай,
Базардан алып келген кәрлен аяқ,
Қалқатай, шәй құйып бер бәлденбей-ақ, ах-уай.
Бір сөзді әзілмен айта салдым,
Қоя ғой, ұнатпасаң, қинамай-ақ, ах-уай.
Көшкенде жылқы айдаймыз ақ табанмен,
Болмайды жаман жақсы мақтағанмен.
Ахау, Семей,
Тіл мен көмей,
Базардан алып келген темір қақпан,
Қақпанмен түлкі алады ебін тапқан.
Таспадай сыдырып қойған сыршыл сұлу,
Анаңнан айналайын сені тапқан.
Келдің қайдан, ей, қалқа, келдің қайдан?
Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан.
Ей! Ахау, Үрия-ай!
Мекеніңді, ей, қалқа, айтып қойшы-ей!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі