Жарқ етпе
Келмейді қайран шашым тарақтауға,
Орадым жібек оқа балақ бауға-ай!
Хабарын жан сәулемнің естіген соң,
Мен бардым күндік жерге қонақтауға-ай!
Жіберем әнге салып қой жаймаменен-ай,
Қалып еді көңілің ғой, айнам, қайда менен,
Айсәулем-ай.
Сен айнамның айрылсам ар жағынан-ай,
Қосылып екеу-екеу ән салайық,
Тайкөкті жегіп шана қолға алайық.
Тайкөкті жегіп шана қолға алған соң,
Елдегі бір сұлуға көз салайық.
Айдап салдым жылқымды тепсең жерге,
Сіздей адам болар ма ексем жерге.
Намаздыгер намазшам арасында,
Асыққаннан тимейді өкшем жерге.
Айдап салдым жылқымды тепсең жерге, жеңеше-ай,
Сіздей адам табылмас ексем жерге, жеңеше-ай.
Күн батар мен ымырттың арасында, жеңеше-ай,
Асыққаннан тимейді өкшем жерге, жеңеше-ай.
Арғы жағы Еділдің, бергі жағы-ай,
Жағасында сарғайған жапырағы,
Үкілім-ай, жеңеше-ай,
Сағындым, сәулем, өзгеше-ай!
Жетіаралдай жер қайда қыз балаға,
Дария бешпент жарасар бозбалаға.
Жетіарал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.
Жеті аралдай жер бар ма, елдің көркі,
Құмырсқадай қайнаған қоян, түлкі.
Жетіарал, жердің көркі-ай.
Дұшпан шауып жерімді алғаннан соң,
Жетіаралға салмасам, ән болмайды,
Дүрия шапан кимесем сән болмайды.
Жетіарал, елім-ай,
Сағындым жерімді-ай.
Жетімнің күйі құрсын жастай қалған,
Әкесін шешесімен, оу, жалған, құдай алған.
Күтетін баласындай жақын қайда?
Деген сөз осы емес пе, оу, дүние жалған, дүние жалған.
Жүйрікте болмайды көрік сыналмаған,
Бақ тайса, ерге дәулет құралмаған.
Меңзеген асқар тауға есіл көңіл,
Дүнияда еш нәрседен тына алмаған.
Жиырма бес, қош аман бол, қайтып келмес,
Жастықты ойлағанмен қолға бермес.
Қасыңда қатын-балаң құл күзетіп,
Кәрілік ауру болды қолдан келмес.
Байжеке, мырза көңлі болды қалай,
Қашқаны аралаушы ең талай-талай.
Қондырсам осынау тұрған қызыл гүлге,
Етуге ептеп сайран жайың қалай.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі