Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (140) Өлеңдер (702) Ұлағатты сөздер (1)

Екі бірдей бақытым

Бақытым бар бірінші - отбасы ол,
Тәрбиенің алғашқы тұтқасы ол.
Әке ақылы еш мектепке жетпейді екен
Ал ананың пейілдік құшағы мол.

Толық

Ілиясым қанатым

Ақындардың өнегесі ,жағасы,
Дәуірінен оза шапқан,дарасы.
Қыршын жастан қиып кетті ау жаныңды,
Санасыздың ,құрып кеткір, жаласы.

Толық

Әкеме хат

Міне бүгін ерекше сәт жазамын сізге өлеңді
Әкетайым сіз туралы айтатыным көп енді
Өлең жазсам таусылмастай қасиетіңіз бар әке
Із қалдырған ұрпағыңыз,өсіп міне гүлденді

Толық

Өлмейтін өмір сыйға бер

Адамның көп ғой арманы,
Биік ғой әрі талғамы.
Дүниеге келген әрбір жан
Болуы керек иманды.

Толық

Алғыс айтам

Алғыс айтам аялаған анама,
Бар өмірін берген мынау балаңа.
Алғыс айтам әкеме де ардақты,
Әрбір сөзі сары алтындай салмақты.

Толық

Алғыс айтам

Алғыс айтам әкеме,
Отбасымның тірегі.
Еркелетіп мәпелеп,
Қамқор болып жүреді.

Толық

Міржақып – мыңның бірі ғана! (Міржақыпқа деген алғысымыз жайлы)

Сіздей адамға иіп тұрып басымды ием,
Елін оятып, елі үшін жанын берген.
Сол кішкентай баладан ұлы адамға,
Айналарын Міржақыптың кімдер білген?

Толық

Анашым

Мынау жарық әлемге алып келген,
Бағып-қағып өсірген бәрын берген.
Айналайын анашым мейіріңнен,
Еркелетіп есейткен тәлім берген.

Толық

М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайға берген әке тәрбиесінің негізінде жатқан тұлғалық қасиеттері

Әкесі қой баға білмегеннің –
Баласы қозы баға алмайды.
Абайды Абай еткен Мұхтар,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дегендей...

Толық

Анаға тілек

Алтын күнім, жарқын нұрым, жұмағым,
Сарқылмайтын, балдай тәтті бұлағым.
Ұрпагғыңа деп арнаған ғұмырың
Ұзақ болсын-Тәңірімнен сұрарым.

Толық

Әкеме

ӘКЕТАЙЫМ,ҚОРҒАНЫМСЫҢ БОЛАТТАЙ,
ӨЗІҢ БАРДА ЖҮРЕМ ШАЛҚЫП АЛАҢСЫЗ.
БАЛАҢА ТЕК ЖАМАНДЫҚТЫ ЖОЛАТПАЙ,
АЛЛАДАН СҰРАП,ДҰҒА ЕТКЕН АДАМСЫЗ.

Толық

Әжесінің баласы

Дайындап құрт пен майын, ірімшігін,
Айналдырып қоятын бір ұршығын.
Балалықпен бақытты байқамаппыз,
Əжеміздің түсінбей бұрын сырын.

Толық

Салт-дәстүрді бағала

Ата-баба салт-дәстүрі,
Ұлтымыздың айнасы.
Келешекте ұмытылмас,
Дәстүрімнің жалғасы.

Толық

Қазақ тілі

Кең байтақ қазағымның даласындай,
Көзімнің ағы менен қарасындай
Қазақтың "жалпақ қара" сөзі деген,
Ұғым бар әр қазақтың санасында -ай.

Толық

Қазақстан

Байтақ өлкем Қазақстан мекенім
Балғын жырға сені арқау етемін
Бір өзің деп бастап құлын жырымды
Бір өзіңді мәңгі жырлап өтемін

Толық

Адал және арам достық

Көкірегіңді көтерерсің досым көп деп, көп менен.
Мына менде танысым көп, бірақ досым жоқ демен.
Бір достар бар xабарласар, көрісерміз тек кейде,
Бірақ соның өзі дағы ғұмыр сәтке жетпей ме?!

Толық

Мен де жаттап өсіп келем Абайды

Тамсандырып таңқалдырған талайды
Алты алашым даңқты ақынға балайды
Өлеңі мен өнегесін қалдырған
Мен де жаттап өсіп келем Абайды.

Толық

Ұстаз!!!

Ұстаз деген ұлағатты ұлы адам,
Балалардың болашағын құраған.
Отыз бала еркелігін көтеріп,
Отыз үйдің еркесіне шыдаған.

Толық

Пікірлер