Сен бір көктем
Танысуды өзіңмен
Бақытыма баладым.
Ақтарылған тезінен
Шабытыма баладым.
Бір сәтте сені түсіндім,
Бір сәтте қолды ұсындым.
Бір сәтте сендік сезімді
Көңілін баурап халықтың,
Қыз деген нәзік болсайшы,
Жаны кең жазық болсайшы.
Жігіттің үміт күніне
Айланар қазық болсайшы.
Өзіңді алғаш көргенде сол күні мен,
Алаулаған сезімнің толқынымен
Көбелектей көлбеңдеп көз алдыңда,
Он отырып, орнымнан он тұрып ем.
Мүмкін, сен үмітімді аз ақтарсың,
Мүмкін, сен ақын жанын азаптарсың.
Бәрібір, кінәлауға еш қақың жоқ,
Мүсәпір жағдайымды мазақтарсың.
Қызғаныш деген көк төбет
Ішіңе кіріп ұлиды, ә!?
Жүректі бөлсе төрт бөлек,
Көңілің, сірә, жыли ма?
Көрікті күндері көктемнің
Сан кешті өзіңсіз өткердім.
Жабығып, жалғыздық көп көрдім,
Сүйікті жан сәулем, кел, менің.
Жалт етіп қара көзің, көп қарадың,
Сол бір кеш жүрегіме от қаладың.
Қиылып сонша неге қадаласың?
Ұқсатқан маған, әлде жоқ па адамың?
Қыз көктем бойын түзеген,
Иісі жұпар бар алап.
Шалғынды кешіп тізеден,
Келеміз қырды аралап.
Мен өзім табиғатқа шын ғашықпын,
Сол үшін көк тіреген шыңға шықтым.
Көзімді тарта берді күн шығыс жақ,
Білмеймін, кімге асықтым, кімге асықтым?
Күнім де қуанышым бір сен дедім,
Шынында шын бақытым бір сен бе едің?
Түбінде терезеңнің түндер күтіп,
Қақаған аяздарда бүрсеңдедім.
Көз алдымда күлімдеген бір бейне,
Көк белдегі үлбіреген гүлдей ме?
Гүлге елітіп елжіреген жанымды
Сол бір сұлу білдеді ме, білмей ме?
- Төлепбек Жантай
- Конфуций
- Имам Раббани
- Имам Раббани
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі