Кәрінің әні
Дүние өтіп жатыр құмай қудай,
Ақ бетке ажар кірмес, ой-ой-ой-ой,
Сүтпен жумай.
Уа, шіркін, дүние-ай,
Дүние өтіп жатыр құмай қудай,
Ақ бетке ажар кірмес, ой-ой-ой-ой,
Сүтпен жумай.
Уа, шіркін, дүние-ай,
Алдында есігімнің қамыс пішен,
Япыр-ау, қыз күніме қашан түсем-ау.
Жаманды жер соқтырып кетер едім-ау,
Сен болдың аяғыма болат кісен
Қан түссе аяғына ат сүріншек,
Келгенде жиырма беске қыз еріншек.
Ой, келіншек, жеңеше-ай,
Атпен желме, ой, ги-гәй.
Келіншек менің атым Нұркүләнда,
Бармаған өз теңіне қыз арманда.
Ағайын ата-ананың көңілін қимай,
Сырымды паш қылмадым ешбір жанға.
Міндім де кер қашаған аяңдадым-ау, аяңдадым-ау,
Шығар деп сәулем үйден-ау, аялдадым, аялдадым-ау.
Ғашығым жанды өртеген қимасым-ау, қимасым-ау,
Кетерде қоштасарға-ау, бара алмадым, бара алмадым-ау.
Бастаған сиыр алдын, кер құнажын,
Бетіме биылдан соң-ай түсер әжім.
Тоятын ақ сұңқардың құзғыны ілсе,
Тағдырдың жазғанына-ай бар ма ылажым.
Боз жорға, жорғаңа бас-ай, ау, алдыңда ел жоқ-ай,
Ішетін шөлдегенде айдын көл жоқ-ай, а, ау, ай.
Алыстан ат терлетіп-ай, ау, келгенімде-ай,
Ат ұстап қарсы алатын бұраң бел жоқ-ай, а, ау, ай.
Көк көйлек көлеңдейді кең болған соң,
Ойнайды екі асыл зат тең болған соң.
Сырымды саған айтпай кімге айтайын,
Көзіме көрінгенім сен болған соң.
Құрметті бізден сәлем-ай, бұраң белге-ау,
Шалғында құс қонатын-ай, айдын көлге, көлде үйрек-ай.
Түскенде сен есіме-ай, беу қарағым,
Көзімнен үйрек жүзер-ай, аққан селге, көлде үйрек-ай.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі