Махаббат
Махаббат — сезімнің асыл шыңы,
Жүректерді жалғайтын нәзік жіп.
Ғашық жандар аңсаған мәңгі мұңы,
Сағынышпен өрілген тәтті үміт.
Қапас түнде келе ме саяқ күдік?
Ай туғанда қанатын жаяды үміт.
Өзің болып самал да сыбырлайды,
Жүрегіме жүрегін таяп тұрып.
Сыбырлап қана сөйлейін,
Сезімнің сырын тыңдатып.
Жүрекке үнім жеткенде,
Дегізіп: "Осы шын бақыт!"
Сен менің өлеңімнің ішіндесің,
Ойымды ғазал сөзім мүсіндесін.
Шумақтан, бунақтардан өзіңді ізде,
Басқалар түсінбесе түсінбесін.
Жанымда жүрші, жігерімді құлатпа,
Жырым боп еніп, жадымда менің тұрақта.
Күйкі тірліктен көңіл түскенде құлазып,
Ештеңе деме, жай ғана мені құшақта!
Қызғалдағы жоқ қырлардан,
Сағынышы жоқ мұңдардан,
Сезімнен ада жырлардан,
Айтылмай қалған сырлардан
Үндемейсің, үндемеймін, үнсізбіз,
Көңілдерде тоғысады мұңсыз күз.
Түйсінсек те іштегі бір алауды,
Үшеуміз де тіл қатпаймыз түн, сіз, біз.
Зор рухи бұла күшке кім тосқауыл бола алар?!
Нағыз ақын мәңгі жастық шуағына оранар.
Үш мың жасқа тартқан Гомер одан әрі жол алар,
Үш ғасырды жеңген Байрон әлі жап-жас саналар.
Үйленіп отау көтердің, мінекей, сен де, бала қаз,
Тірліктен, бірақ, жарқыным, үйленбей кеткен адам аз.
Сен түгіл қасқыр қасқырмен, маймыл мен маймыл жұптасқан,
Өз теңін тапқан соң ғана адымын олар нық басқан.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі