Шаршадым деме...
Шаршадым деме , мына жалған өмірден ,
Жалғандықты көріп тұрсаң да көңілден
Құладым деме , құздың шының да тұрсаң да,
Сынақ қой , адамзатқа көтерсін деп берілген
Шаршадым деме , мына жалған өмірден ,
Жалғандықты көріп тұрсаң да көңілден
Құладым деме , құздың шының да тұрсаң да,
Сынақ қой , адамзатқа көтерсін деп берілген
Қилы күнді басымыздан өткердік
Тәуелсіздік таңына жеткен едік
Бейбіт күннің тұғыры түспесін
Ынтымақ,бақ, береке-бірлік!
Адамды еңбек шыңдайды,
Уақыт мәңгі тұрмайды
Бақыттың кілті еңбекте,
Армандаумен болмайды
Табынарым, тәңірім өзің Алла
Қолдап, үміт бересің жолы аққа.
Пенделерің жаңылса хақ жолынан,
Өзің бағыт көрсетесің тура жолға.
Намыс қайда жігіттер,намыс қайда?
Жүректегі ”елім” дейтін қағыс қайда?
Жерлеріне бөтен аң кіріп келсе
Арыстан да жан үшін алыспай ма?
Нелер алдым,бердім нені,бермедім?
Тақпадым ба тым артықтау елге мін?!
Көкке ұмтылып қоймадым ба байқамай
Ұмытылып кеткен жоқ па жердегім?
Пах-пух,тарс-тұрс жаңғырады айнала
Қарамастан кедейіңе,байға да
Маңдай термен,айлап тапқан ақшаңды
Бір ақ сәтте жібердің жарып жәй ғана
Қимайсың ау аядай ғана бөлмені
Сыртқа сүйреп әкеңді жатқан төрдегі
Мың сан күнде сыр бермес асқар тауыңның
Бір ақ күнде сынды емес пе шөлмегі
Қарадың да қаймықпай өткенге мың
Сыр бермедің сабырлым,кектенбедің
Ашуынан құстар да үрікпейтін
Таңдай ашық,көк жүзді көкпеңбегім
Жүргеніңмен бір сәттік қызық құрып
Нәпсіңнің бар есігін бұзып кіріп
Жалғандағы жасаған бар күнәңнің
Білмейсің ау санайтынын тізіп тұрып
Аллам әлі саған артық сый береді...
Ханшадай шалқып көңіл күймедегі
Мен оңбаған адаммын жек көріп кет
Жек көріп кет,ешқашан сүйме мені!
Күліп кет
Отырайын...көңілімде қалып кек
Келеріңде ала келген үмітті
Керек емес...алып кет
Жетістікке қалғанда жарты қадам
Мұз жатады алдыңда жалтыраған
Төрт аяқтап жетсемде ей тағдырым
Өзімнің сыбағамды тартып алам
Мың шақырым,тым алыс арамыз
Шыдауғада келмейді-ау шамамыз
Телефонмен көңіл жұбатсақта
Байқайсың ба...суып барамыз
Көркіне күн таласпас көркемі елдің
Жақындасам күйермін,өртенермін
Шанағына жабысып домбырамның
Білмесең де шіркін ай шерте бердің
Көңілсіздік...
Жауапсыз сезім,сұрақ
Арнасынан тасыған төзім-бұлақ
Кеше ғана бүп-бүтін жүрегімді
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі