Жалынды жастар
Қамын ойлар болашақта жалпыңның,
Түлегенде түгі қалар жастармыз.
Түсі игіден түңілмеген халқымның,
Мағжанның да көз тіккені – мына біз.
Қамын ойлар болашақта жалпыңның,
Түлегенде түгі қалар жастармыз.
Түсі игіден түңілмеген халқымның,
Мағжанның да көз тіккені – мына біз.
Бастайын мен күнделіктің беттерін,
Бойымдағы талантымды қолдай кеп.
Қызық өмір ізін салып жеткенін,
Жыр етейін достарыма жолдай кеп.
«Көңілден де кетеді көзден кеткен»
Деген сөз бар, бүгінгі күнге жеткен.
Болса егер адамда адал сезім,
Бағалайды бақытты болған кезін.
Бұл дүние жалған екен, алданба,
Байлығыңды тау етуге қамданба.
«Шүкір» айтқын әрбір атқан таңыңа,
«Менің ұйқым қанбады» деп шамданба.
Қарамастан мөлшеріне жасымның,
Тас-түйінін тоғыстырып басымның.
Өзім жайлы мен де жазып көрейін,
Жолын қуып ұлы ақын Қасымның.
Армысыздар, ардақты ұстаздарым,
Мақтан етем сіздердей ұстаз барын.
Құтты болсын мереке барлығыңа,
Бақыт қана жар болсын жан-нұрыңа.
Адамдардың таза арнаға көшкені –
Бір арнаға көтеріліп өскені.
Ал егер де туған тілін ұмытса –
Қадірі кетіп, тарихынан өшкені.
Шырт ұйқыда жатырмын мен түнгі екі,
Бұл уақытта көрінбес-ау күн беті.
Шатырға да бірдемелер тасырлап,
Бетімді кеп сипалады күн беті.
Туған жерім – қасиетім, ардағым,
Сенсің менің ең аяулы арманым.
Сенде түлеп, қанатымды қатайтып,
Асқар шыңды биіктерге самғадым.
Есімде, күліп-ойнап жүргенім
Асыр салып, қуанып, жүгіргенім.
Шалынып қалып,сүрініп, құлағаным
Қайта тұрып күлімдеп өткен кезім.
Бақытты өмір құшағында
Бейбіт елім тыныш еді.
Тұтқиылқан кең далама
Опасыздық желі ескен-ді.
Махаббатқа ақылшы кілең дана,
Сен дегенде болатын елең сана.
Жасандылық тұнып тұрған ғаламнан
Шынайылық күтіп едім сенен ғана...
Мен ғашықпын бір аруға естен кетпес,
Көлеңкесін көрсетпейтін неткен елес.
Сүйіп тұрып құшалмай жүрген жүрек,
Сірәдағы тастан болар,еттен емес!?
Оралының мақтанышы, елін сүйген ұланым,
Қазақ үшін жазып кеткен қасиетті жыр-әнін.
Өлеңдерің рух береді, белестерді жығамын,
Ол жан мәңгі қалықтаған қазағымның қыраны.
Қазақтың бас ақыны- Абай ата,
Бергендей бүгінгі күн жасқа бата.
Жырларыңды жатқа айтып, ұл -қыздарың,
Сахнада көрдім міне ,жыр қызғанын.
-
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі