Күзетші
Сәлем бере бара қалсам Мұрата,-
Тыныштық деп алдымен сұратпа.
- Тыныштық па, тыныштық па, балалар?
Деп отырар қысы-жазы иықта.
Күміс жалды күн дейтін көлікпенен,
Көріп келем өмірді, көріп келем.
Қуатым бар жанымда сеніп келем,
Даңғазаға даурығып, желікгіеген.
Күн ауысып барады түнге қарай,
Шығыста - кеш, Батысқа - кірген арай.
Күн шыққан жерден әркез түн келеді,
Маған солай, білмеймін, кімге қалай.
Күн бүгін тұрып алды күреңітіп,
Шіркіннің ашылмайды реңі түк.
...Күреңіткен ауылдың сырт жағында,
Мені де отыр ма екен біреу күтіп.
Күн жылыған, жер жібіген,
Құстар келген шақтарда,
Төрдегі өрген төрт түлікке,
Төл жамырап жатқанда,
Тағы да таң атады, күн шығады,
Түн келеді,
Тіршілік тыншығады.
Ауысып алма-кезек тұрсын әлі,
Бәріне жауаптымын.
Қашан менен қалғалы тағат, тыным,
Пісіп тұрған егінді бұршақ ұрса,
Айтыңдар жауапты кім?
...Сонымен күндер өтті,
Күндер өтті...
Кімдер кеп, кімдер өтті?!
Жонынан майы тамған жомарт - өлім!
Жыршы, күйші, шешендер!
Болашақтағы ақындар!
Бұл күнім мені маңдытпас,
Кіммін, қандай затым бар?
Бір-бірінен асырып жыр жазатын,
Таланттылар қазақта болсада мың.
Халық бірақ бәрінен биік қояр,
Таулардан жаратылған-Мұзбалағын.
Сынауға тіптен құмар кім көрінген,
Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен.
Сырласып отырамын ондайда мен,
Мазасыз күндеріммен, түндеріммен.
Мұқағали бақыты - халқы еді,
Оған берер ойының алтын кенін.
Ауруменен арпалысып шығарды ол
"Күрсінбеші" деуменен соңғы демін.
Не айтам саған, жаным-ай, не айтам саған
Кете бердім жолменен шайтан салған.
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ».
Қиын екен қосылып, қайта аңсаған.
-Бар күшіңді жақсылыққа арнайтын
Жан едің ғой қиындыққа сынбайтын.
-Кешір өмір, тағдыр жазса бірақ та
Мықтының да кезі болар жылайтын.
- Нарша Булгакбаев
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі