Тәуелсіз елдің арманы
Еліме бір өзгеріс кеп жатқандай,
Батса екен озбырлықтың күні ұзатпай!
Қазағым молшылыққа молықса екен,
Садақа беретұғын адам таппай...!
Еліме бір өзгеріс кеп жатқандай,
Батса екен озбырлықтың күні ұзатпай!
Қазағым молшылыққа молықса екен,
Садақа беретұғын адам таппай...!
Қазақ халқы жетті өшпес арманға,
Тәуелсіздік алды міне, қараңдар!
Ыстық тер, қан аралас болғанмен,
Қара жер мен тасты сендер алмаңдар!
Тәуелсізбін, тәуелсізбін білемін,
Солғой менің бар арманым тілегім.
Көк туымыз желбіресін биікте,
Елім үшін мәңгі соғар жүрегім.
Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз,
Бірлік пенен қосылған қалың елміз.
Бір шаңырақ астында тату тәтті
Өмір сүру ең басты міндетіміз!
Тәуелсіз боп артты халқым сенімі,
Мұз боп қатқан қайғы-мұңым еріді.
Ақ шыңдары — тауларымның биіктеп,
Кең тыныстап Ұлы Далам кеңіді.
Тәуелсіз Қазақстан -мақтанышым,
Бермеген жастарым ар-намысын,
Тәуелсіздік үшін отқа түсті,
Ұмытпаймыз басқа түскен қайғысын.
Баяғы ауасы – әтір самалы ескен,
Балауса балғын шақты алам еске.
Құлпырған гүл бәйшешек арасында –
Нұр тұнған қасиетті далада өскем!
Жазықсыз жапа шекен арлан ерім,
Жаның - нәзік, намысты ақын едің.
Жиырма жаста ел үшін құрбан болып,
Қорқаулардың қолынан қаза болдың.
Қазақпыз біз, азиатпыз түркі тек,
Пырақ мініп, қымыз ішкен, туы — көк.
Қонақ келсе бар дәмдісін ұсынар,
Қолы ашық жомарт елміз, ас та төк!
Қазақтың бүгінгісі оңған бекен?
Алаштар армандаған күн қайда екен,.
Жиырмасыншы ғасырдың, нар ұлдары,
21-де былай деп айтпар ма екен:
Тәуелсіздік – Тәңірім берген,
Тарихы бар тағылымды елден.
Боданда болып, бордай тозып,
Айтақын Бұлғақов
Қайраттың азасы
Жатырмын жазалаушы түрмесінде.
Жан ашыр жан табылмай тілдесуге.
Сейіт Қадыр
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік
Жаралған бабалардың ерлігінен,
Таралған Желтоқсаннан – өр дүбірден.
Әдібай Табылды
Тәуелсіздік - тірегім,
Тәуелсіздік - жүрегім.
Ата-бабамды аңсатқан.
Тәуелсіздік сен едің!
Желтоқсанның он алтысы
Брежневтің алаңында
Алматыда сол алаң
Қызыл қанға боялған
Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
Тәуелсіздік – халқымыздың мақтандысы
Тәуелсіздік – еліміздің жаттандысы
Тәуелсіздік – ұлтымыздың азаттығы,
Тәуелсіздік – жеріміздің ғажаптығы.
Көкбайрағы – көгінде,
Тектілігі – тегінде!
Бірлігімен тұтасып,
Жеткен азат өмірге.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі