Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған
Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған,
Ертеңі үшін қару-жарақ жастанған.
Ұлтарақтай жерді де жауға берместен,
Талай түндер көкжалдай көкпен сырласқан.
Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған,
Ертеңі үшін қару-жарақ жастанған.
Ұлтарақтай жерді де жауға берместен,
Талай түндер көкжалдай көкпен сырласқан.
Бұл күндері төбем көкке жетпей жүр,
Азат күннің бәрі дерлік ғажап күн.
Тәуелсіздікке жиырма жеті жыл толды,
Дами берген алға басқан, қазақ бұл.
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Қазақ әркез жеңісті қолдан бермеді.
Елі үшін,жері үшін ауыр жол кешкен
Ешқашан да үміт оты сөнбеді....
Қазақтың бүгінгісі оңған бекен?
Алаштар армандаған күн қайда екен,.
Жиырмасыншы ғасырдың, нар ұлдары,
21-де былай деп айтпар ма екен:
Тәуелсіздік - бұл менің бостандығым,
Он алтыншы желтоқсан тосқан күнім.
Ұрпақ көрсін еркіндікті деп күрескен,
Алты алаштың баласы қосқан үнін.
Тәуелсіздік — баға жетпес ұлы сый,
Тәуелділік — жатқа иілу құрысын.
Тамаша елде, тату-тәтті күн кешіп,
Тағдырыма шүкір айтам бүгін шын.
Көк тудың желбірегені -
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.
- Бегалы Амина
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі