Халық әні
Халықтың аялаған әні,
Барады аспанға өрлеп аруағы.
Кім айтар, ел өнерге жарымады,
Табылар, тал бойынан бәрі-дағы.
Есік алды қара су бойламадым-ей,
Бұл жалғанның өтерін ойламадым.
Бұл жалғанның өтерін білген болсам-ей,
Құлын-тайдай айқасып ойнамадым.
Ақша қарда жорытқан қояндайсың-ей,
Шөп-шөп сүйсем бетіңнен оянбайсың.
Екі көзің күн нұры жарқыраған-ей,
Қандай жанға өмірлік баяндайсың.
Қалам алдым қолыма, ей, өрнекпенен,
Бір ғанибет жақсыны көрмек деген.
Абай, күнім-ай,
Ай-күнім-ай,
Күміс те алтын, мыс та алтын, алтын да алтын,
Сыр болмайды, жақсыда айтылмайтын.
Абайкөк, гүлім-ай деп,
Өтті-ау жалған, қайтейін,
Домбыра екі шекті жұқа қақпақ, ай, абайкөк,
Тар жерде қиын екен өлең таппақ.
Әй, өтесін, күнім, амал жоқ!
Кіші – іні, үлкен – аға отырғанда, ай, абайкөк,
Қараойда ма аулың, Бозталда ма, Абайкөк,
Қарай-қарай артыңа көз талды ма, Абайкөк.
Әй-ау десем, артыңа қарамайсың, Абайкөк.
Шыныменен көңілің бек қалды ма, Абайкөк.
Аппақ шыңы Ай сүйген асқар Алтай,
Арайлы күн алтын нұр шашқан, Алтай!
Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!
Жаңа салған көктемнің гүліндейсің,
Піскен алма жайсаңның бүріндейсің.
Күлше берген баладай алдай түсіп,
Бер жағыңмен әшейінкүлімдейсің.
Балға табы кетпейді темірдегі,
Сенің бейнең өшпейді көңілдегі.
Қырғауылдың мойнындай мың құбылған,
Қылығыңды қайтейін іңірдегі.
Той дегенде мінемін дөненімді,
Жақсылардан аяман өнерімді.
Топ алдында осындай сынға түсіп,
Бір тексеріп қояйын өлеңімді.
Деуші едім айқызыл гүл, айқызыл гүл,
Болғанда қасың қара, тілің – бұлбұл.
Шал болып қартайған соң сәнің кетер,
Қалқатай, шамаң келсе, ойна да күл.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі