Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (414)

Құрбым-жай

Дүниенің ойнап-күл жарығында,
Жан қартаяр көңілдің жарымында-ай.
Толғаннан соң туған ай, о да қайтар,
Ешбір нәрсе тұрмақ жоқ қалыбында-ай.

Толық

Қыз

Міндім де кербестіні-ай, сауырладым,
Ау! Біздерге қараса жүр бауырларым.
Бұл қалай, апеке-ау, жеңеше.
Біреудің он қарасын-ай алды әкем,

Толық

Қыз бала

Құдайым қызды жан деп-ай, жаратады,
Қайырып қара шашын таратады,
Таратады қыз бала.
Біреудің әлпештеген-ай баласы едім,

Толық

Құлажекей

Қайда едің шақырғанда Құлажекей,
Айрылмас домбырадан тіл, көмекей.
Алдымда құрбы-құрдас кез болғанда,
Салайын басып-басып, некей, некей.

Толық

Қыздың әні (1 нұсқа)

Міндім де кер бестіні-ау, сауырладым-ай,
Біздерге қараса жүр-ау, бауырларым-ай.
Не жаздым, япыр-ай, жалған-ай,
Біреудің оң қарасын-ау алды әкем-ай.

Толық

Қыздың әні (2 нұсқа)

Өлең білсем, ей, қалқа, өлең білсем-ау,
Не көрмейсің жалғаннан өлмей жүрсең-ау.
Дүниеден армансыз өтер едім-ау,
Өзім сүйген қалқамен бірге жүрсем-ау.

Толық

Қыздың әні (3 нұсқа)

Қалам алып хат жаздым-ай, қалқам, саған,
Дидарласар күн қайда есен-аман.
Күндіз естен кетпейсің-ай, түнде түстен,
Бекер екен дүние сенсіз маған.

Толық

Қыздың әні (4 нұсқа)

Дегенде қызыл уық-ей, қызыл уық,
Бір табан қыз байғұсқа шеше жуық-ай.
Кетеміз жер түбіне-ей, біздер байғұс,
Әкеге соның үшін болдым суық-ай.

Толық

Қыздың әні (5 нұсқа)

Қызды жан деп, құдайым-ау, жаратады,
Қара шашын қайырып-ау, таратады.
Әлпештеген біреудің-ау баласы едім,
Қандай жанның қолына-ау қаратады.

Толық

Қыздың әні (6 нұсқа)

Жүгіре шықтым боз үйден жалаң аяқ-ау,
Молдалардың қолында аса таяқ.
Жеті-ай су жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы) -ау.

Толық

Қызыл алма

Дегенде қызыл алма, қызыл алма,
Бұл күнде қыздар бізгеқызығар ма?
Жігіттер, жолдас болсаң, жақсымен бол,
Жақсы алтын қайда жүрсе бұзылар ма.

Толық

Қызыл гүл (1 нұсқа)

Салғаным оң қолыма алтын жүзік,
Сүйгенім кете алмайды күдер үзіп.
Қолымнан қапияда кеттің шығып,
Аққудай көл-дарияда жүрген жүзіп.

Толық

Қызыл гүл (2 нұсқа)

Қолыма бір қамшым бар алтындаған,
Кейбіреу ұстай алмай қалтылдаған.
Сексен қыз серуенге шықса да,
Ішінде сен қоңыр қаз (ой, сәулем) қаңқылдаған.

Толық

Қызылдың әні

Әркім ерер жақсыға-ей, үмітпенен,
Жамандарға қарайды ел күдікпен-ай, е, е,ей.
Қызмет етіп, қол созған-ей арманына,
Ел сенімін ақтайды-ай жігіт деген, ай, е,е,ей.

Толық

Қыйлаш

Қарағым, айналайын, өкпем деймін,
Естілсе жаман атың, өкпелеймін.
Лебізің өзің берген өзің жұтсаң,
Зәбірің басылмайды көпке дейін.

Толық

Қыйылым

Түйгенім орамалға қара мейіз,
Арманы әркімнің де бір сұлу қыз.
Әуре етпей, бозбалалар, сендерге айтам,
Осы әнді Қыйылым қыздан үйреніңіз.

Толық

Қыпшақ

Сұрасаң, ел біледі, атым — Қыпшақ,
Көрдім де ақ еркені жайдым құшақ.
Ақ ерке отыр ма екен, жатыр ма екен,
Жарқылдап көлге қонған аққу құсап.

Толық

Қыран бүркіт

Қыран бүркіт келмейді қайыруға,
Не демейді қос дұшпан айыруға.
Қаламқас,
Қалдау кейін қайран жас.

Толық

Қырық сақина

Аспанда бір жұлдыз бар Темірқазық,
Жүремін-ау, сені ойлап күнде азып.
Тіліңнен бір сүйгізсең аузыңды ашып,
Алты айға-ау болар еді маған азық.

Толық

Лашын көз

Қыран бүркіт келмейді-ай қайыруға,
Не демейді дос-дұшпан-ай айыруға.
Өмір бойы жұп жазбай жүрейікші,
Тел қозыдай бір шыққан-ай жайылуға.

Толық