Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (41) Өлеңдер (10) Мақал-мәтелдер (25) Ұлағатты сөздер (1)

Молдамен жолдас болсаң, намазың қаза болмас.
Ұрымен жолдас болсаң, қазаның таза болмас

Ілмектер: ұры, молда

Өлеңді жерде
Өгіз семіреді,
Өлімді жерде
Молда семіреді.

Ілмектер: мал, өлім, молда

Аюға намаз үйреткен – таяқ,
Молдаға намаз үйреткен – тамақ.

Ілмектер: молда, намаз

Молда өзін бір алдайды,
Өзгені екі алдайды.

Ілмектер: молда

Молдаға жағайын десең,
Азаның болсын.
Қазыға жағайын десең,
Қазаның болсын.

Ілмектер: молда, қазы

Алла бермегенді, молда бермейді.

Ілмектер: молда, пейіл, ынсап

Екі молда бір кісі,
Бір молда жарты кісі.

Ілмектер: молда, пейіл, ынсап

Шала молда дін бұзар.

Ілмектер: молда, дін, пейіл, ынсап

Шала молда шарық айтар.

Ілмектер: молда, пейіл, ынсап

Шала молда шарық айтар.

Ілмектер: молда, пейіл, ынсап

Тентек молда телмірген өгіз.

Ілмектер: өгіз, молда, пейіл, ынсап

Мың надан сопыдан, бір ілім молда артық.

Ілмектер: надан, молда, сопы, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Құдай бергенді молда бермес.

Ілмектер: молда, құдай, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Дүмше молда - ел бұзар.

Ілмектер: молда, ел, дүмше

Бір молданың басы ауырса,
Бар молданың басы ауырмас.

Ілмектер: бас, ауру, молда

Ақы төлемесең, молда үйіңе жоламайды.

Ілмектер: ақы, молда, үй, қырғыз мақалы

Азансыз молда болса да,
Қазансыз қатын болмайды.

Ілмектер: азан, молда, қазан, әйел, қырғыз мақалы

Жалғыз молда – жарты адам,
Екі молда – бір бүтін.

Ілмектер: молда, қырғыз мақалы

Азан айтпақ молдаға сый.

Ілмектер: азан, молда, сый

Азан айтпақ молданың ісі.

Ілмектер: азан, молда

Пікірлер