Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (55) Өлеңдер (141) Жоспарлар (13) Мақал-мәтелдер (73) Ұлағатты сөздер (32) Әзіл, анекдоттар (1)

"Отан" туралы Мақал-мәтелдер

"Отан" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "Отан" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Отан, ел, қоғам туралы мақал-мәтелдер

Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.
***
Туған жердей жер болмас,
туған елдей ел болмас.
***
Отанды сүю — от басынан басталады.
***
Отан оттан да ыстық.
***
Ел іші — алтын бесік.
***
Пәлен жерде алтын бар,
өз жеріңдей қайда бар.
***
Ел-елдің бәрі жақсы,
өз елің бәрінен де жақсы.
***
Ел аралаған сыншы болады,
тоғай аралаған үйші болады.
***
Әркімнің өз жері —жұмақ.
***
Ер — елінде, гүл —жерінде.
***
Өз елінде көртышқан да батыр.
***
Өз елінің иті де қадірлі.
***
Туған жердің қадірін,
шетте жүрсең білерсің.
***
Ауыл итінің құйрығы қайқы.
***
Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
***
Үйде оңбаған, түзде де оңбайды.
***
Құртақандай торғай да,
өз ұясын қорғайды.
***
Бақа көлінде патша,
балық суында патша,
жігіт елінде патша.
***
Пәлен жерде алтын бар,
іздеп барсаң мыс та жоқ.
***
Елінен безген ер болмас,
көлінен безген қаз болмас.
***
Сағынған елін аңсайды,
сары ала қаз көлін аңсайды.
***
Ат айналып қазығын табар,
ер айналып елін табар.
***
Адасқанның айыбы жоқ,
қайтып үйірін тапқан соң.
***
Жат жердің қаршығасынан,
өз еліңнің қарғасы артық.
***
Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
елінен айырылған өлгенше жылайды.
***
Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
***
Кісі елінде сұлтан болғанша,
өз еліңде ұлтан бол.
******
Орағың өткір болса, қарың талмайды,
Отаның берік болса, жауың алмайды.
***
Туған жердің ауасы да шипа.
***
Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
***
Егілмеген жер жетім,
елінен айырылған ер жетім.
***
Отанға опасыздық еткенің,
өз түбіңе өзің жеткенің.
***
Туған жерге туың тік.
***
Жақсы жігіт жер шолып,
ақыр түбі айналар.
***
Туған жердің күні де ыстық,
түні де ыстық.
***
Ат үйірін сағынса, артқы аяғын қағынар,
ер үйрін сағынса, айыл-тұрман тағынар.
***
Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.
***
Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас,
үйірінен қаңғыған тұлпар оңбас.
***
Ел іші алтын бесік.
***
Өз елімнің басы болмасам да,
сайының тасы болайын.
***
Құлан өз қағынан өзі жерімес.
***
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
***
Айырылған ел тозады,
қосылған ел озады.
***
Адассаң еліңмен адас.
***
Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.
***
Әр елдің заңы басқа,
иттері қара қасқа.
***
Бейбіт елде береке бар.
***
Бірлігі жоқ ел тозар, бірлігі күшті ел озар.
***
Бозбала бастаған ел оңбас,
құралай бастаған киік оңбас.
***
Бүлінген елден бүлдіргі алма.
***
Болар елдің баласы, бірін-бірі батырым дейді,
тозар еддің баласы, бірін-бірі қатыным дейді.
***
Айырылма жұртым, үйіріңнен,
айырылсаң үйіріңнен, қолың кетпес бүйіріңнен.
***
Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас,
басшысыз елде береке болмас.
***
Ел ағасыз болмайды,
су сағасыз болмайды.
***
Ел алмаған орнында елу жыл жатады.
***
Ел аузы —дуалы.
Ел аузына қақпақ болмайсың.
***
Туған жердің жуасы да тәтті.
***
Ел барда ер қор болмас,
ер барда ел қор болмас.
***
Елдің ерлігі ерінен танылар,
елдің байлығы жерінен танылар.
***
Ел ебелек емес, ер көбелек емес.
***
Ел қадірін білмеген — зәнталақ,
көл қадірін білмеген — дуадақ.
***
Ел құлағы елу.
******
Ел қонысынан айырылса,
ер қонысынан айырылады.
***
Ел алдына шықпаңыз,
түндікті дұшпан ашпасқа,
ел соңында қалмаңыз,
көзіңді шыбын баспасқа,
ел ортадан кетпеңіз,
қарыныңыз ашпасқа.
***
Ел-елдің түбі бір, ер-ердің тілегі бір.
***
Ел жасымен көрікті,
тау тасымен көрікті,
аяқ асымен көрікті.
***
Ел даусыз болмас, жер жаусыз болмас.
***
Ел іші — береке, көп ісі — мереке.
***
Ер қозғалса, жер көтермес ауыр бар,
жел қозғалса, қарлы боран дауылы бар.
***
Ел ұрысыз болмас, жер бөрісіз болмас.
***
Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас.
***
Ел үмітін ел ақтар. ер атағын ел сақтар.
***
Ел үшін еркек кіндік құрбандық.
Ел — ырыстың кілті,
ер — ырыстың қорғаны.
***
Иті семіз, малы арық — жер азғаны,
ынтымағы болмаса — ел азғаны.
***
Елдің көркі ерімен,
жердің көркі шөбімен.
***
Ел шетіне жау келсе,
арыстандай айбарлы,
батырлардың бары игі.
***
Елде болса ерінге тиер,
ауылда болса ауызға тиер.
***
Елің жаман болса,
бір жақсыны сағала,
атың жаман болса,
ақ текенің мүйізімен тағала.
***
Елшіге өлім жоқ.
***
Елдестірмек елшіден,
жауластырмақ жаушыдан.
***
Елдің күші — елу батпан.
***
Елің еміренсе, сен тебірен.
***
Елін сатып асаған, екі күн-ақ жасаған.
***
Едді сөкпе, кенді төкпе.
***
Ел мен ел қосылады,
тау мен тау қосылмайды.
***
Ердің ісі елдің мойнында,
елдің ісі ердің қолында.
***
Елу жылда ел жаңа, жүз жылда — қазан.
***
Есі бүтін елден кетпес.
***
Есің бар да елің тап,
есер болмай, етек жап.
***
Естімеген елде көп.
Ерден аспақ бар, елден аспақ жоқ.
***
Ерден безсең де елден безбе!
***
Ердің сыншысы — елі.
***
Жолдасын таппаған ер азады,
басшысын таппаған ел азады.
***
Жер таусыз болмас, ел хансыз болмас.
***
Жігіті жүзге жеткен елді,
жүзі қара кемітер.
***
Елмен көгерген еленбес.
***
Жұрт бойдаққа қалды,
жүк тайлаққа қалды.
***
Жұрт ауызы — уәлі.
***
Жұртымның жұртында қалайын.
***
Кеңесті ел кем болмас.
***
Кең киім тозбайды, кеңесті ел азбайды.
***
Кеңескен ел азбайды, кен пішкен киім тозбайды.
***
Кісі елінде күркірегенше,
өз еліңде сіркіре.
***
Көлден кетсе жалбыз мұң,
елден кетсе, жалғыз мұң.
***
Опасызда отан жоқ.
***
Қалыптан шықсаң да, халықтан шықпа.
***
Қайраны жоқ көлден без,
қайырымы жоқ елден без.
***
Қара жерді жамандама,
қайтып сонда барарсың,
қауым елді жамандама,
қарғысына қаларсың.
***
Қатты жерге қақ тұрар,
ынтымақты елде бақ тұрар.
***
Қармақтың дәні болғанша,
бидайдың сабаны бол,
жаман елдің жақсысы болғанша,
жақсы елдің жаманы бол.
***
Ынтымақты елге ешкім жетпес,
ынтымағы кетсе, өкініші кетпес.
***
Менде болсын,
менде болмаса елде болсын.
***
Миға ерген дене азбайды,
милыға ерген ел азбайды.
***
Отан үшін отқа түс, күймейсің,
арың үшін арпалыс, өлмейсің.
***
Отансыз ұл — ормансыз бұлбұл.
***
Өз елім — алтын бесік,
жат елдің — түбі тесік.
***
Өз жұртын танымаған,
кісі еліне би бола алмас.
***
Саудагер — қасық, ел — теңіз.
***
Өзгеге ұл болғанша, өз еліңе құл бол.
***
Өзім үшін туыппын,
жұртым үшін өліппін.
***
Өз елімнің басымын,
басы болмасам сайының тасымын.
***
Өкпеден тиген жел жаман,
елінен безген ер жаман.
***
Ұлықсыз жұрт — бассыз дене.
***
Тау белгісі тас болар,
бай белгісі ас болар,
азған елдің белгісі —
біріне-бірі қас болар.
Шетте жүрсең тарығарсың,
туған елді сағынарсың.
***
Қасықтап алғанмен көл таусылмайды,
қанша ұры алғанмен ел таусылмайды.

Ілмектер: Отан, ел, Қоғам, мақал-мәтелдер, қоғам туралы мақал-мәтелдер
WhatsApp Telegram

Отансыз адам әуенсіз бұлбұлмен тең.

Ілмектер: орыс мақалы, Отан, адам, мақал - мәтелдер
WhatsApp Telegram

Опасызда oтан жоқ.

Ілмектер: отан туралы, Отан, опасыз
WhatsApp Telegram

Елін сүйген ерлік істейді.

Ілмектер: отан, ел, мақал, мәтел, ерлік
WhatsApp Telegram

Бұлт болса, күн жауар,
Ашық болса, жылытар.
Өскен-туған жерлерін
Тентек кісі ұмытар.

Ілмектер: бұлт, күн, отан, тентек, ұмыту
WhatsApp Telegram

Бөтен елде би болғанша,
Өз еліңде шопан бол.

Ілмектер: би, шопан, отан
WhatsApp Telegram

Бөтен елге патша болғанша,
Өз еліңде шопан бол.

Ілмектер: ел, патша, отан, шопан
WhatsApp Telegram

Туған жердiң
Түйе жейтiн жапырағы да дәрi.
Түйе аунайтын
Топырағы да дәрi.

Ілмектер: туған жер, отан, топырақ, түйе, дәрі
WhatsApp Telegram

Ұлтарақтай болса да
Ата қоныс жер қымбат.
Ат төбелiндей болса да
Туып-өскен ел қымбат.

Ілмектер: жер, отан, ел
WhatsApp Telegram

Отан елдiң анасы,
Ел ердiң анасы.

Ілмектер: отан, ер, ана
WhatsApp Telegram

Отан - елдің анасы
Ер - елдің анасы

Отан қадіріне жетпеген,
өз қадіріне жетпейді.

Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.

Отан – оттан да ыстық

Отан қуат - отбасы шуақ

Отан отбасынан басталады.

Отанды сүю – отбасынан басталады.

Орағың өткір болса,қарың талмайды,
Отаның берік болса жауың алмайды.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл

Алтын ұяң – отан қымбат.

Ер - елінде,
Гүл жерінде.

Ел іші – алтын бесік

Ауылым - алтын бесігім

Өз елің – алтын бесігің,
Еңбекпен бағыт егіз.

Өзге елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.

Ел мен жер егіз.

Туған жердей ел болмас,
Туған елдей ел болмас.

Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.

Жат жердің қаршығасынан ,
Өз еліңнің қарғасы артық.

Егілмеген жер жетім,
Елінен айрылған ер жетім.

Ұлтарақтай болсада,
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болсада,
Туып өскен ел қымбат.

Ел – елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.

Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам отанын сүйеді.

Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.

Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.

Туған жердің жуасы да тәтті.

Ілмектер: Отан, туған жер туралы мақал–мәтелдер жинағы
WhatsApp Telegram

Отаның Сүлеймен патшалығынан да сүйікті.

Ілмектер: отан, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Қараған өз жерінде гүрілдер.

Ілмектер: туған жер, отан
WhatsApp Telegram

Туған жердің жері де көрікті,
Елі де сүйікті.

Ілмектер: туған жер, ел, отан
WhatsApp Telegram

Шетте жүріп тарығарсың,
Өз еліңді сағынарсың.

Ілмектер: сағыну, туған жер, отан
WhatsApp Telegram

Өз үйім өлең төсегім.

Ілмектер: үй, отан
WhatsApp Telegram

Пәлен жерде бақыт бар,
Іздеп барсаң мыс та жоқ.

Ілмектер: Туған жер, бақыт, отан
WhatsApp Telegram

Жақсы жігіт жер шолып,
Ақыр түбі айналар.

Ілмектер: жігіт, туған жер, отан
WhatsApp Telegram

Ат айналып қазығын табар,
Ер айналып елін табар.

Ілмектер: туған жер, отан, ер
WhatsApp Telegram

Ер елінде,
Гүл жерінде.

Ілмектер: ер, гүл, туған жер, отан
WhatsApp Telegram