"дәуір" туралы Мақал-мәтелдер
"дәуір" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "дәуір" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Әділ бидің өлгені —
Сөзінің болса жалғаны,
Ғұламаның өлгені —
Болмаса тәлім алғаны.
Ілмектер:
әділ, ғұлама, би, дәуір
Көзбен көргенді
Құлақпен есіткен жеңген.
Ілмектер:
көз, жеңу, дәуір
Алмақтың да алмағы бар,
Ат көтере алмас салмағы бар.
Ілмектер:
салмақ алу, дәуір
Ханды құдай ұрғаны,
Халқымен жау болғаны.
Биді құдай ұрғаны,
Билігі дау болғаны.
Ілмектер:
хан, би, дәуір, дау
Төбе би де өзіміз,
Төре би де өзіміз.
Қисық болса сөзіңіз,
Құрулы тұр тезіміз.
Ілмектер:
сын, дәуір
Туғанына бұрғаны —
Биді құдай ұрғаны.
Ілмектер:
би, уақыт, дәуір
Әулекі би
Ат үстінен билік айтар.
Ілмектер:
уақыт, дәуір, би
Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.
Ілмектер:
уақыт, дәуір
Төренің тілі тәтті,
Діні қатты.
Ілмектер:
уақыт, дәуір
Айырдан туған жампоз бар,
Нар емес десең нанғысыз,
Қарадан туған жігіт бар,
Ханға күнін салғысыз.
Ілмектер:
хан, жігіт, уақыт, дәуір
Ханның қызы шөміш ұстаса,
Қолы жауыр болады.
Ілмектер:
уақыт, дәуір
Көп толқыса — хан құлайды,
Көл толқыса — жар құлайды.
Ілмектер:
хан, дәуір
Басыңа іс түссе:
Бекке барма, көпке бар,
Бек беліңді сындырады,
Көп ісіңді тындырады.
Ілмектер:
уақыт, дәуір
Ханның ісі қараға түседі,
Бидің ісі параға түседі.
Ілмектер:
хан, би, уақыт, дәуір
Хан сарайы демесең,
Қатын өсек қаптаған.
Қошеметшіл қу өңшең
Ханды ғана мақтаған.
Ілмектер:
хан, уақыт, дәуір
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі