"жетім" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер
"жетім" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "жетім" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Әкелі жетім — арсыз жетім,
Шешелі жетім — ерке жетім.
Ілмектер:
әке, жетім, шеше, ар, ерке
Әкесіз жетім – құр жетім,
Шешесіз жетім – тұл жетім.
Ілмектер:
жетім, әке, шеше
Әйелдің ақылын жесірінде байқа,
Баланың ақылын жетімінде байқа.
Ілмектер:
әйел, ақыл, жетім, бала
Елінен кетсе, ер — жетім,
Егінші кетсе, жер — жетім.
Ілмектер:
ер, ел, жетім
Елі жоқ — жер жетім,
Ері жоқ — ел жетім.
Ілмектер:
жетім, ер, ел
Жесір қатын ер болар,
Жетім бала ел болар.
Ілмектер:
ел, ер, жесір, жетім
Басшысы жоқ ел жетім,
Балығы жоқ көл жетім.
Ілмектер:
ел, жетім
Егілмеген жер – жетім,
Елінен айрылған ер – жетім.
Ілмектер:
жетім, ел, ер
Жетімнің қарны — жетеу.
Ілмектер:
жетім
Жетім жеті қырдың
Астындағы жеті үйден тамақтанады.
Ілмектер:
жетім
Жердегі — жетімдікі.
Ілмектер:
жетім, жер
Қызғыш құсқа көл пана,
Жетім қызға ел пана.
Ілмектер:
жетім, қыз, пана
Ашаршылықты көп көрген
Өзі тоймай «мә» демес,
Жетімдікті көп көрген,
Үш шақыртпай «ә» демес.
Ілмектер:
ашаршылық, жетім
Атасы жоқ — мас жетім,
Анасы жоқ — қас жетім.
Ілмектер:
ата, ана, жетім
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі