Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Мақал-мәтелдер (65) Әзіл, анекдоттар (1)

"қол өнері" туралы Мақал-мәтелдер

"қол өнері" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "қол өнері" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Өнерлі қол пішуге жақсы,
Өткір қайшы кесуге жақсы.

Ілмектер: өнер, қол өнері
WhatsApp Telegram

Шеберді шеге қағысынан таны.

Ілмектер: шебер, өнер, қол өнері
WhatsApp Telegram

Шеберді саусағы асырайды.

Ілмектер: шебер, өнер, қол өнері
WhatsApp Telegram

Әкемнің өлерін білсем.
Өнерін сатпас па едім.

Ілмектер: әке, өнер, қол өнері
WhatsApp Telegram

Зергер — ісмер жезге үйір,
Сыршыл адам сөзге үйір.

Ілмектер: зергер, қол өнері, өнер
WhatsApp Telegram

Ұстаның өрісі
Көрігінен төсіне дейін.

Ілмектер: ұста, қол өнері, өнер
WhatsApp Telegram

Кілең шебер жиналса,
Істері тез қызады,
Кілең олақ жиналса
Біткен істі бұзады.

Ілмектер: өнер, қол өнері, шебер
WhatsApp Telegram

Орман аралаған үйші болар,
Қобыз сыралаған күйші болар.

Ілмектер: қол өнері, өнер
WhatsApp Telegram

Шегені қаға білмесең,
Қолыңды ұрасың
Түймені таға білмесең,
Қолыңа ине тығасың.

Ілмектер: өнер, қол өнері
WhatsApp Telegram

Сөйлей білмеген,
Сөзді қор етер.
Тіге білмеген,
Бөзді қор етер.

Ілмектер: сөз, өнер, қол өнері
WhatsApp Telegram

Әр шаһардың ұстасы
Өз пышағын мақтайды.

Ілмектер: шаһар, ұста, қол өнері, өнер
WhatsApp Telegram

Жас күніңде өнер қусаң,
Тоқтасқанша толығарсың.
Тоқтасқан соң өнер қусаң,
Толыққанша зорығарсың.

Ілмектер: өнер, қол өнері
WhatsApp Telegram

Өнер тамған он саусақ —
Үзілмейтін ырысың.
Өнері жоқ он саусақ,
Бар болмай-ақ құрысын.

Ілмектер: өнер, қол өнері
WhatsApp Telegram

Қас шебердің
Шанышқан инесі тонына кіреді.
Хас шебердің
Шанышқан инесі қолына кіреді.

Ілмектер: шебер, қол өнері, өнер
WhatsApp Telegram

Адамға ақыл көптік қылмайды,
Азаматқа өнер көптік қылмайды.

Ілмектер: азамат, өнер, қол өнері
WhatsApp Telegram

Жайсыз болған жаздан
Жайлы келген қыс артық.
Көріксіз соққан күмістен
Келісті соққан мыс артық.

Ілмектер: күміс, мыс, қол өнері, өнер
WhatsApp Telegram

Күміс күнге қонса,
Алтын өз аяғымен келер.

Ілмектер: күміс, алтын, өнер, қол өнері
WhatsApp Telegram

Өнерлі адам бай болмас,
Бай болмаса да жай болмас.

Ілмектер: өнер, қол өнері
WhatsApp Telegram

Қара суда қаймақ болмас,
Хас шеберде оймақ болмас.

Ілмектер: қол өнері, өнер
WhatsApp Telegram

Темірші балтаға жарымас,
Қайыршы қалтаға жарымас.

Ілмектер: өнер, қол өнері
WhatsApp Telegram