Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (18) Өлеңдер (14) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (27) Ұлағатты сөздер (21) Әзіл, анекдоттар (1)

Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең
Ақылды кәрия
Жазып қойған хатпен тең.

Ілмектер: әдеп, бала, қария, тәрбие, өнеге

Әдепті елдің қыздары —
Қырмызы-қызыл жібектей.

Ілмектер: әдеп, қыз

Әдеп пен құлақтың анасы – тіл.

Ілмектер: әдеп, тіл

Жаман қатын терісін жимайды да,
Жегізіп алып итті қинайды.

Ілмектер: жаман, қатын, ит, Әдеп, әйел

Әдепсіз жігіт жүгенсіз атқа ұқсайды.

Ілмектер: әдеп, жігіт, ат

Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен тал жақсы.

Ілмектер: әдеп, адам

Өзек қуа ағады,
Өзен судың саласы.
Алыстан сәлем береді,
Әдепті елдің баласы.

Ілмектер: әдеп, бала, тәрбие, өнеге

Әдеп басы – тіл.

Ілмектер: әдеп, тіл

Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.

Ілмектер: әдеп, әкім, ел, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ата тұрып сөйлеген баладан без,
Ана тұрып сөйлеген қыздан без.

Ілмектер: ата, ана, бала, тәрбие, қыз, сөйлеу, әдеп

Әдепті әдепсізден үйрен.

Ілмектер: әдеп

Әдепті сөйле де, тыныш отыр.

Ілмектер: әдеп

Әдептік ерге керек,
Екінші қызға керек.

Ілмектер: әдеп, ер, қыз

Әдепті бала өсірсең,
Ауылдың абыройы.
Ақылды жігіт өсірсең,
Атырабыңның абыройы.

Ілмектер: әдеп, бала, жігіт, абырой

Біліктіден шыққан сөз — әдеп үлгісі.

Ілмектер: біліктілік, білікті, сөз, әдеп, үлгі

Әдеп пен адамгершілік ана тіліңнен нәр алады.

Ілмектер: әдеп, адамгершілік, ана тілі

Ардагер аға алдында тұрсың,
Әдепті іні артында тұрсын.

Ілмектер: әдеп, іні, аға, ардагер

Әдептің не екенін,
Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.

Ілмектер: әдеп, тәрбие, өнеге

Әдептілікті данадан үйрен.

Ілмектер: әдеп

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Ілмектер: әдеп, ата-ана, бала