Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (112) Өлеңдер (517) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (237) Ұлағатты сөздер (625) Әзіл, анекдоттар (4)

"Өмір" туралы Мақал-мәтелдер

"Өмір" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "Өмір" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда

Ілмектер: ойлы адам, жалған, қызық, жоқ, өмір, ғұмыр, еңбек, ынсап, әділет
WhatsApp Telegram

Шыдамдылық — өмiр бойына берiлетiн қазына.

Ілмектер: Жапон мақалы, Шыдамдылық, өмір, қазына
WhatsApp Telegram

Білім ал, ол өмірдің жолын ашар,
Кісіден білім білген бәле қашар.

Ілмектер: білім, өмір, жол
WhatsApp Telegram

Жеңіл жол тұйыққа тірейді.

Ілмектер: өмір
WhatsApp Telegram

Бұл тіршілік тек қана ішіп-жеу үшін берілмеген.

Ілмектер: тіршілік, ішіп-жеу, өмір
WhatsApp Telegram

Бұл өмірдің балында ара бар, сақтан.

Ілмектер: өмір, бал, ара, сақтық
WhatsApp Telegram

Бұл өмірдегі ең соңғы баратын жер — көр.

Ілмектер: өмір, көр, жер, өлім
WhatsApp Telegram

Бұл өмірге келген соң, жақсылық қыл,
Жаман істі жамандарға ғана қалдыр.

Ілмектер: өмір, жақсылық, жаман, іс
WhatsApp Telegram

Бұл жалғанды бұзатын — арсыз адам.

Ілмектер: дүние, өмір, өмір туралы, ар, арсыз, адам
WhatsApp Telegram

Бос жіберме өміріңді, шалып қал,
Кетер күннен керегіңді алып қал.

Ілмектер: өмір, күн
WhatsApp Telegram

Бек тәтті өмірді сүйсе,
Елдің күні қараңғы.

Ілмектер: өмір, бек, тәтті, ел, халық, күн, қараңғы, басшы
WhatsApp Telegram

Баянсыз өмір өтті боран, желдей,
Фәнилік басып алды аққан селдей.

Ілмектер: өмір, боран, сел
WhatsApp Telegram

Әкеңді қартайса да, қадірлеп тұр,
Өміріңше оны тіпті ренжітпе.

Ілмектер: әке, өмір, қарттық, қадірлеу, ренжіту
WhatsApp Telegram

Әділ өмірді адал адам ғана сүре алады.

Ілмектер: әділ, адал, адам, өмір
WhatsApp Telegram

Ашу, қаһар асығыс іс қылдырар,
Онда өмірің зая кетер, құлдырар.

Ілмектер: ашу, қаһар, асығыс, өмір, зая
WhatsApp Telegram

Атың өтімді болса,
Өмірің татымды болады.

Ілмектер: ат, өмір
WhatsApp Telegram

Атың жаман болса,
Арманың кетер.
Балаң жаман болса,
Пәрменің кетер.
Жылай-жылай өмірің өтер.

Ілмектер: жаман, ат, арман, бала, пәрмен, өмір
WhatsApp Telegram

Ақылды адам өмір сүру үшін ішіп-жейді,
Ақымақ күнде ішіп-жеу үшін өмір сүреді.

Ілмектер: ақыл, адам, ақымақ, жеу, ішу, өмір
WhatsApp Telegram

Азаматтық жасай алмаған адам—
Бұл өмірге келмеген адаммен бірдей.

Ілмектер: азамат, адам, өмір
WhatsApp Telegram

Аз өмір сабырмен өтеді,
Ақсақ үйіне асықпай жетеді.

Ілмектер: аз, ақсақ, үй, сабыр, өмір
WhatsApp Telegram