Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (33) Мақал-мәтелдер (365) Ұлағатты сөздер (65)

Ердің ісі ел мойнында, елдің ісі ер мойнында.

Ілмектер: іс, ер, ел

Ердің ері, егеудің сынығы.

Ілмектер: ер

Қатын жақсы, ер жақсы.

Ілмектер: қатын, ер, әйел, жақсы

Ерді ер ететін де, жер ететін де қатын.

Ілмектер: ер, әйел, қатын

Ерден аспақ болса да,
Елден аспақ жоқ.

Ілмектер: ер, ел, халық

Ер - жалғыз,
Ел - көп.

Ілмектер: ер, ел, халық

Істің ағы білінбейді,
Жігіттің бағы білінбейді.

Ілмектер: іс, жігіт, ер, бақ

Ел барда, ер қор болмас,
Ер барда, ел қор болмас.

Ілмектер: ел, ер, қорлық

Ер салмағын ел көтереді,
Ел салмағын жер көтереді.

Ілмектер: ер, ел, жер

Ерді ел теңгерер.

Ілмектер: ер, ел

Ауырлықты жер көтерер,
Ауыр қазаны ер көтерер.

Ілмектер: ауыр, қаза, ер, жер

Ат айналып қазығын табар,
Ер айналып елін табар.

Ілмектер: туған жер, отан, ер

Ұранды ердің - ұрпағы қайсар.

Ілмектер: ер, ерлік, қайсар, ұран

Ер сыншысы - елі.

Ілмектер: сын, ер, ел

Ер талабы ертеңгі мегзер.

Ілмектер: ер, талап

Бір оқты бұлан көтереді,
Екі оқты ұлан көтереді.

Ілмектер: ер, оқ, ұлан, батырлық

Адаспаймын деген ер,
Тал түсте жолдан адасады.

Ілмектер: ер, жол, адасу

Палуанға оң-терісі бірдей.

Ілмектер: палуан, батыр, ер

Жүкті нар көтерер,
Қайғыны ер көтерер.

Ілмектер: нар, жүк, қайғы, ер

Ер өлсе де, аты өлмейді.

Ілмектер: ер, ерлік, батыр