Жаман — Мақал-мәтелдер жинағы - 15-бет
Бұл бөлімде "жаман" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Жақсының үйі түссе,
Күйі түседі,
Жаманның үйі түссе
Миы түседі.
Ілмектер:
жақсы, жаман
Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен.
Ілмектер:
жақсы, жаман
Жақсы болса алғаның,
Үйіңнен кісі кетпейді.
Жаман болса алғаның,
Шын досың да шеттейді.
Ілмектер:
дос, жаман
Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?
Ілмектер:
қыз, жаман
Жаман үлесінен құр қалар.
Ілмектер:
жаман, үлес
Жаман дос - көлеңке.
Ілмектер:
жаман, дос
Жақсының жүрген жері - базар,
Жаманның жүрген жері - азар.
Ілмектер:
жақсы, жаман
Жақсының жаты болмайды,
Жаманның ұяты болмайды.
Ілмектер:
жақсы, жаман, ұят
Жақсыны сыйласаң есінен кетпейді,
Жаманды сыйласаң есігіңнен кетпейді.
Ілмектер:
жақсы, жаман, сыйластық
Жақсыны жаман десең, аққудай мойнын созады,
Жаманды жаман десең, аяғынан тозады.
Ілмектер:
жақсы, жаман
Жақсы өзін қосып сөйлейді,
Жаман босқа бөсіп сөйлейді.
Ілмектер:
жақсы, жаман
Жақсыға берсең асыңды,
Жақсы сыйлар басыңды.
Жаманға берсең асыңды,
Итке тастар басыңды.
Ілмектер:
жақсы, жаман, ас, сыйластық
Жақсы мақтанса, есебін табар,
Жаман мақтанса, қатынын сабар.
Ілмектер:
жақсы, жаман
Жақсы сынаумен жариды,
Жаман сынаумен қариды.
Ілмектер:
жақсы, жаман, сынау
Жақсы болсаң - озарсың,
Жаман болсаң - азарсың.
Ілмектер:
жақсы, жаман
Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа,
Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа.
Ілмектер:
жақсы, жаман, ұят, мұрат
Жақсы - суы тәтті көлмен тең,
Жаман - желі қатты шөлмен тең.
Ілмектер:
жақсы, жаман, су, шөл
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі