Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (50) Өлеңдер (93) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (867)

Түсі игіден түңілме.

Ілмектер: адам

Адам құлақтан азады,
Қаңқудан тозады.

Ілмектер: адам

Аш адам ұрысқақ, арық адам тырысқақ.

Ілмектер: аш, адам, тырысқақ, арық

Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің үндескені.

Ілмектер: адам, табиғат, өмір

Адам бір оқтық, өлтіру оңай,
Бірақ мың адам бір адамды тірілте алмайды.

Ілмектер: адам, өмір, өлім

Адам—қарынның құлы.

Ілмектер: адам, құл

Адам адамнан құтылады,
Пейілінен құтылмайды.

Ілмектер: адам, пейіл

Адам аяғының тұзағы—бала-шаға.

Ілмектер: адам, тұзақ, бала, бала-шаға, аяқ

Адам бақытқа тоймайды.

Ілмектер: адам, бақыт

Адам баласы айыпсыз болмас.

Ілмектер: адам, айып

Адам баласы зарыға бермейді,
Ит баласы зорыға бермейді.

Ілмектер: адам, зарығу, ит

Адам баласы артындағысын көріп қартаяды.

Ілмектер: адам, қарттық

Адам баласы тастан қатты емес.

Ілмектер: адам, тас

Адам баласы үрілген мес сияқты,
Аузын ашса, босап қоя береді.

Ілмектер: адам

Адам бастан қартаяды,
Қартайған соң мал таяды.

Ілмектер: адам, мал, қарттық

Адам болған соң,
Онда кінә да болады.

Ілмектер: адам, кінә

Адам біліммен көтеріледі.

Ілмектер: адам, білім

Адам дегені болмас,
Құдай дегені болар.

Ілмектер: адам

Адам емес, мәңгі өлмейтін — атағы,
Өмір-бақи жасайды ғой ол тағы.

Ілмектер: адам, атақ, өмір

Адам кейде астың тек тазасын ішеді,
Кейде жұғынын ғана жалайды.

Ілмектер: ас, адам, жұғынды