Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (20) Өлеңдер (16) Жоспарлар (3) Мақал-мәтелдер (44) Ұлағатты сөздер (59)

"Жақсылық" туралы Мақал-мәтелдер

"Жақсылық" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "Жақсылық" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Жақсылық қылсаң өзіңе,
Жамандық қылсаң өзіңе,
Аспанға қарай оқ атсаң
Қайтып тиер көзіңе.

Ілмектер: жақсылық, жамандық
WhatsApp Telegram

Жақсылық терек басында,
Жамандық тізең астында.

Ілмектер: жақсылық, жамандық
WhatsApp Telegram

Әкенің жақсылығы жездедей-ақ.

Ілмектер: әке, жақсылық
WhatsApp Telegram

Елге қылған жақсылық,
Еленбей қалмайды.
Еңбек еткен ерінбей —
Кенелмей қалмайды.

Ілмектер: еңбек, жақсылық
WhatsApp Telegram

Жақсылық еккен алғыс орады.

Ілмектер: жақсылық, алғыс
WhatsApp Telegram

Жақсылық етсең, жарты етпе.

Ілмектер: жақсылық
WhatsApp Telegram

Жақсылық ұмытылмас.

Ілмектер: жақсылық
WhatsApp Telegram

Жақсы ай менен күндей,
Жақсылығы жанның бәріне бірдей.

Ілмектер: жақсы, жақсылық
WhatsApp Telegram

Жақсылық біреуден қайтпаса,
Біреуден қайтады.

Ілмектер: жақсылық
WhatsApp Telegram

Жігіттің жақсылығын
Жұрты білер.

Ілмектер: жақсылық, жігіт, жұрт
WhatsApp Telegram

Жақсылыққа жерік кісі —
Уәдесіне берік кісі.

Ілмектер: жақсылық, уәде
WhatsApp Telegram

Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан артылса досыңа қыл.

Ілмектер: жақсылық, дос
WhatsApp Telegram

Жақсылық жүрген жерде
Тапшылық болмайды.

Ілмектер: жақсылық, тапшылық
WhatsApp Telegram

Жақсылықтың ерте-кеші жоқ.

Ілмектер: жақсылық
WhatsApp Telegram

Аз жақсылық —
Ақылды тең етеді.
Көп жақсылық —
Ақылды кең етеді.

Ілмектер: жақсылық, ақыл
WhatsApp Telegram

Жақсылық қылсаң жасыр,
Жақсылық көрсең асыр.

Ілмектер: жақсылық
WhatsApp Telegram

Ай жарығы – әлемге,
Шам жарығы – түбіне.

Ілмектер: жақсылық
WhatsApp Telegram

Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,
Түбі жоқ сырлас.

Ілмектер: жақсы, жақсылық, әйел
WhatsApp Telegram

Жақсыда кек жоқ.

Ілмектер: жақсы, жақсылық
WhatsApp Telegram

Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі дүр,
Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі дүр.

Ілмектер: ер, жақсылық, жамандық
WhatsApp Telegram