Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (22) Өлеңдер (95) Мақал-мәтелдер (63) Ұлағатты сөздер (56)

Бос кеуделер көрсе дәулет шіркінді,
Тістей қатар бос жібермей бір күнді.

Ілмектер: кеуде, дәулет, күн

Болатын бала — пысық,
Жауатын күн — ыстық.

Ілмектер: бала, пысық, күн

Кешкі күн құлақтанса
Қатының ұл тапқандай сүйін.
Ертеңгі күн құлақтанса,
Еліңді жау шапқандай күйін.

Ілмектер: күн

Ақпанда күн —
Ат адым ұзарады.

Ілмектер: күн, ақпан

Қатты күркіреген күн
Тез ашылады.
Қатты ашуланған адам
Тез басылады.

Ілмектер: күн, ашу, адам

Мың жұмақтан - бір күн тірлік.

Ілмектер: жұмақ, күн, тірлік

Бұлыңғыр күннің артынан
Бұлтты түре күн шығар.

Ілмектер: бұлт, күн

Қайтқан күнде қайыр жоқ,
Қу ағашта шайыр жоқ.

Ілмектер: ағаш, күн

Жаңа шыққан күнді көрген
Бір ғанибет.
Жаңа ашылған гүлді көрген
Бір ғанибет.

Ілмектер: күн, ғанибет, гүл

Күн сіркіресе —
Көк дүркірейді.

Ілмектер: күн

Ұл туғанға —
Күн туған.

Ілмектер: ұл, күн

Ескі тонның жылуы жоқ,
Қайтқан күннің қызуы жоқ.

Ілмектер: күн, тон

Күйеу келсе қыз тұрмас,
Бесін келсе күн тұрмас.

Ілмектер: күйеу, қыз, бесін, күн

Ай қораланса
Арбаңды сайла,
Күн қораланса,
Күрегіңді сайла.

Ілмектер: ай, күн

Өткен күнде белгі жоқ.

Ілмектер: өткен күн, күн

Сәуір болса,
Күн күркірер.
Күн күркіресе,
Көк дүркірер.

Ілмектер: күн, сәуір

Көп тілесе алар,
Күн бұлттанса жауар.

Ілмектер: көпшілік, ел, күн, жауын

Батыр ортақ, ер ортақ,
Күн ортақ, ай ортақ.

Ілмектер: батыр, ер, күн, ай

Күн күркіресе, жерге абыйыр,
Жер иісе, малға абыйыр.

Ілмектер: күн, жер, мал, абыйыр

Шөлмек мың күн сынбайды,
Бір күн сынады.

Ілмектер: күн, сақтық, қырағылық

Пікірлер