Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (48) Өлеңдер (145) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (58) Ұлағатты сөздер (5)

"ауыл" туралы Мақал-мәтелдер

"ауыл" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ауыл" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Итсіз ауыл болмайды.

Ілмектер: ит, ауыл
WhatsApp Telegram

Кешке бұлт қызарса,
Қатыны ұл табар.
Таңда бұлт қызарса,
Ауылын жау шабар.

Ілмектер: бұлт, ауыл, жау
WhatsApp Telegram

Ауылдың жолын білмей тұрып,
Ауылнайдың жөнін сұрайды.

Ілмектер: ауыл, жол, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Ауылнаймен келісті,
Ауылын шауып бөлісті.

Ілмектер: ауыл, келісім, бөлісу, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Берекесіздің ауылы - мерекесіз.

Ілмектер: береке, мереке, ауыл
WhatsApp Telegram

Аулы араластың,
Қойы қоралас.

Ілмектер: ауыл, қой, ел, халық
WhatsApp Telegram

Қазақ аулы қарайлас.
Шеру соңы қарайлас.

Ілмектер: қазақ, ауыл, шеру, ел
WhatsApp Telegram

Ауыл болсаң - қауым бол.

Ілмектер: ауыл, қауым
WhatsApp Telegram

Аңдысқан ауыл болмас,
Есептескен дос болмас.

Ілмектер: ауыл, дос, аңду
WhatsApp Telegram

Ауылыңда қария болса, жазып қойған хаттайын,
Алған жарың жақсы болса, ерттеп қойған аттайын.

Ілмектер: ауыл, қария, жар, жақсы
WhatsApp Telegram

Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хаттай болар,
Есік алдыңда төбең болса, ерттеп қойған аттай болар.
Ескі мақұл дауласса, сөздері асқар ала таудай болар.

Ілмектер: ауыл, қарт, хат, ат, төбе
WhatsApp Telegram

Аңдысқан ауыл болмас.

Ілмектер: ауыл, аңду, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
WhatsApp Telegram

Ауыл иті ала болса да,
Бөрі келгенде бірігеді.

Ілмектер: қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық, ит, ауыл, бөрі
WhatsApp Telegram

Ауылым - алтын бесігім.

Ілмектер: ауыл, бесік, туған жер, ел
WhatsApp Telegram

Ауыл – қарайлас,
Шаруа – орайлас.

Ілмектер: ауыл, шаруа
WhatsApp Telegram

Ауыл үйдің қонағы,
Айында-жылында бір келер.

Ілмектер: ауыл, қонақ
WhatsApp Telegram

Елін жамандаған
Елеусіз қалады.
Ауылын жамандаған
Атаусыз қалады.

Ілмектер: ел, ауыл
WhatsApp Telegram

Ауыл үйдің моншағын
Күндіз ұрлап, түнде тақ.

Ілмектер: ауыл, ұрлық
WhatsApp Telegram

Түлкіні түлен түрткенде
Тойлы ауылға кездесер.

Ілмектер: той, ауыл
WhatsApp Telegram

Ит арық болса
Ауылдың намысы.

Ілмектер: ит, намыс, ауыл
WhatsApp Telegram