Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (12) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (6)

"қария" туралы Мақал-мәтелдер

"қария" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "қария" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Ауылыңда қарияң (қартың) болса, жазып қойған хаттайын,
Алған жарың жақсы болса, ерттеп қойған аттайын.

Ілмектер: ауыл, қария, жар, хат
WhatsApp Telegram

Ауылыңда қария болса, жазып қойған хаттайын,
Алған жарың жақсы болса, ерттеп қойған аттайын.

Ілмектер: ауыл, қария, жар, жақсы
WhatsApp Telegram

Ел қариясы - ел қазынасы.

Ілмектер: ел, халық, қария, қазына
WhatsApp Telegram

Қарияның сөзі киіз кітаптағыдай.

Ілмектер: қария, кітап, сөз
WhatsApp Telegram

Халықтан қайырымдылықты,
Қариядан байымдылықты үйрен.

Ілмектер: халық, қария
WhatsApp Telegram

Ақыл деген ағып жатқан дария,.
Кеме айдаушы кемеңгер бір қария.

Ілмектер: ақыл, қария
WhatsApp Telegram

Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең
Ақылды кәрия
Жазып қойған хатпен тең.

Ілмектер: әдеп, бала, қария, тәрбие, өнеге
WhatsApp Telegram

Баламен жолдас болсаң,
Бала боларсың,
Қариямен жолдас болсаң,
Дана боларсың.

Ілмектер: жолдас, қария, бала
WhatsApp Telegram

Өсетін елдің қарты
Қазына болар.
Өспейтін елдің қарты
Қазымыр болар.

Ілмектер: қарт, қария
WhatsApp Telegram

Есік алдында төбе болса,
Ерттеп қойған атпен тең.
Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.

Ілмектер: қарттық, қария
WhatsApp Telegram

Кәрінің бары — игі.

Ілмектер: кәрі, қария
WhatsApp Telegram

Өзен суға жарасқан
Қамысы мен қоғасы.
Кәрияға жарасқан
Аузындағы тобасы.

Ілмектер: су, қария
WhatsApp Telegram

Толықсып аққан дария —
Мейірбанды қария.

Ілмектер: қария
WhatsApp Telegram