"ана" Мақал-мәтелдер
Бұл бөлімде "ана" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Балаға —
Ата қорған, ана құрбан.
Ілмектер:
бала, ата, ана
Кешірімділік — анадан,
Кішіпейілділік — данадан.
Ілмектер:
ана, дана
Дана,
Дананы да туған ана.
Ілмектер:
ана, дана
Ата - асқар тау,
Ана - бауырыдағы бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.
Ілмектер:
ата, ана, бала
Аш итке ас берсең,
Анаңа тартқаның.
Жаяуға ат берсең
Атаңа тартқаның.
Ілмектер:
ата, ана, отбасы
Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп, асын іш.
Ілмектер:
ана, қыз, ас
Бала анаға аян,
Атаға күмән.
Ілмектер:
бала, ана, ата
Әке тұрып бала сөйлесе,
Ер жеткені.
Шеше тұрып қыз сөйлесе,
Бой жеткені.
Ілмектер:
әке, ер, шеше, ана, қыз, сөйлеу
Атасы жоқ — мас жетім,
Анасы жоқ — қас жетім.
Ілмектер:
ата, ана, жетім
Ананың салған жолы бар,
Ананың тіккен тоны бар.
Ілмектер:
ана, тон, жол
Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.
Ілмектер:
әке, ұл, ана, қыз
Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,
Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.
Ілмектер:
ата, ана, қыз, ұл
Балапанды торғайлар
Өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар
Дерт қонбасын тілейді.
Ілмектер:
балапан, ана, бала, дерт
Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім мақтамайды.
Ілмектер:
ана, сүт
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі