"дау" туралы Мақал-мәтелдер
"дау" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "дау" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Ел даусыз болмайды,
Ер жаусыз болмайды.
Ілмектер:
ел, дау
Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.
Ілмектер:
жау, дау, ел
Жаманның сөзін сөйлеме,
Жасықтың дауын даулама.
Ілмектер:
жаман, жастық, дау
Өрлеген балық ауға жолығар,
Өркөкірек жігіт, дауға жолығар.
Ілмектер:
жігіт, дау
Көптеген жау алады,
Көмектескен дау алады.
Ілмектер:
ынтымақ, дау, жау
Үш нәрсенің алдын ал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдынал.
Ілмектер:
ауру, дау, жау
Суды шым бөгейді,
Дауды қыз бөгейді.
Ілмектер:
қыз, су, дау
Атаның өспес ұлы
Өнбес дауды даулайды.
Ілмектер:
ата, ұл, дау
Болмайтын істің басында болма,
Бітпейтін даудың қасында болма.
Ілмектер:
іс, дау
Ханды құдай ұрғаны,
Халқымен жау болғаны.
Биді құдай ұрғаны,
Билігі дау болғаны.
Ілмектер:
хан, би, дәуір, дау
Есі мақұл дауласса,
Сөздері асқар ала таудай болар.
Бір тентек, бір ақылды дауласса
Атысқан жаудай болар.
Екі тентек дауласса,
Сап-саудай болар.
Ілмектер:
дау, тентек, ақылды
Аянбаған жауды алар
Абайлаған дауды алар.
Ілмектер:
жау, дау
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі