Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (24) Өлеңдер (110) Мақал-мәтелдер (67) Ұлағатты сөздер (60)

Күн — Мақал-мәтелдер жинағы - 3-бет

Бұл бөлімде "күн" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Ай мен күн әлемге бірдей.

Ілмектер: ай, күн, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
WhatsApp Telegram

Батар күннің атары бар.

Ілмектер: күн, тәлім, тағлым, тәрбие
WhatsApp Telegram

Күн батса қойға соқпақ табылады.

Ілмектер: күн, қой, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал
WhatsApp Telegram

Соқырға күн де қараңғы, түн де қараңғы.

Ілмектер: соқыр, күн, түн, адам, өмір
WhatsApp Telegram

Күншілдің күні қараң.

Ілмектер: күншіл, күн
WhatsApp Telegram

Байдың күні пәрменмен,
Жарлының күні арманмен.

Ілмектер: бай, жарлы, кедей, пейіл, ынсап, күн, арман, пәрмен
WhatsApp Telegram

Елін сатып асаған,
Екі күн ғана жасаған.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры, ел, күн
WhatsApp Telegram

Шөлмек мың күн сынбайды,
Бір күн сынады.

Ілмектер: күн, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Күн күркіресе, жерге абыйыр,
Жер иісе, малға абыйыр.

Ілмектер: күн, жер, мал, абыйыр
WhatsApp Telegram

Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.

Ілмектер: ерте, кеш, нәсіп, күн, түн
WhatsApp Telegram

Батыр ортақ, ер ортақ,
Күн ортақ, ай ортақ.

Ілмектер: батыр, ер, күн, ай
WhatsApp Telegram

Көп тілесе алар,
Күн бұлттанса жауар.

Ілмектер: көпшілік, ел, күн, жауын
WhatsApp Telegram

Өткен күнде белгі жоқ.

Ілмектер: өткен күн, күн
WhatsApp Telegram

Ай қораланса
Арбаңды сайла,
Күн қораланса,
Күрегіңді сайла.

Ілмектер: ай, күн
WhatsApp Telegram

Ескі тонның жылуы жоқ,
Қайтқан күннің қызуы жоқ.

Ілмектер: күн, тон
WhatsApp Telegram

Күйеу келсе қыз тұрмас,
Бесін келсе күн тұрмас.

Ілмектер: күйеу, қыз, бесін, күн
WhatsApp Telegram

Ұл туғанға —
Күн туған.

Ілмектер: ұл, күн
WhatsApp Telegram

Жаңа шыққан күнді көрген
Бір ғанибет.
Жаңа ашылған гүлді көрген
Бір ғанибет.

Ілмектер: күн, ғанибет, гүл
WhatsApp Telegram

Қайтқан күнде қайыр жоқ,
Қу ағашта шайыр жоқ.

Ілмектер: ағаш, күн
WhatsApp Telegram

Күн сіркіресе —
Көк дүркірейді.

Ілмектер: күн
WhatsApp Telegram