Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (63) Ұлағатты сөздер (4)

"ырыс" туралы Мақал-мәтелдер

"ырыс" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ырыс" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Жұмысы жоқтың ырысы жоқ.

Ілмектер: жұмыс, ырыс, еңбек, кәсіп
WhatsApp Telegram

Іңірден жатқан — ырыссыз қалады.

Ілмектер: еңбек, ырыс
WhatsApp Telegram

Ез —езер,
Езерден ырыс безер.

Ілмектер: ырыс, еңбек
WhatsApp Telegram

Еңбектен қашпа,
Ырысыңды шашпа.

Ілмектер: еңбек, ырыс
WhatsApp Telegram

Жақсы сөз — жан азығы.
Жақсы еңбек — ырыс қазығы.

Ілмектер: жақсы, еңбек, ырыс
WhatsApp Telegram

Ерте тұрған жігіттің
Ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің
Бір ісі артық.

Ілмектер: ырыс, жігіт, әйел
WhatsApp Telegram

Су бар жерде ырыс бар:
Ұстап балық жейсің,
Ақ бидай егіп, нанын жейсің.

Ілмектер: су, ырыс
WhatsApp Telegram

Бақыт бесігі — ел,
Ырыс есігі — жер.

Ілмектер: ел, ырыс, жер
WhatsApp Telegram

Су — ырыстың көзі,
Еңбек — кірістің көзі.

Ілмектер: су, ырыс, еңбек
WhatsApp Telegram

Жер — ырыстың кіндігі,
Еңбек — ырыстың қазығы.

Ілмектер: жер, ырыс, еңбек
WhatsApp Telegram

Мал азығы — ырыс қызығы.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ырыс
WhatsApp Telegram

Кісі берген
Кісіге ырыс болмас.

Ілмектер: ырыс
WhatsApp Telegram

Жақсы туса – ел ырысы,
Жауын жауса – жер ырысы.

Ілмектер: жақсы, ел, ырыс
WhatsApp Telegram

Жақсы лепес –
Жарым ырыс.

Ілмектер: жақсы, ырыс
WhatsApp Telegram

Жер – ырыстың кіндігі,
Білім – ырыстың тізгіні.

Ілмектер: жер, білім, ырыс
WhatsApp Telegram

Жақсы әйел – ырыс,
Жаман әйел – ұрыс.

Ілмектер: әйел, ырыс, ұрыс
WhatsApp Telegram

Жақсы туса елдің ырысы,
Жаңбыр жауса жердің ырысы.

Ілмектер: жақсы, ырыс
WhatsApp Telegram

Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.

Ілмектер: жақсы, адам, сөз, ырыс
WhatsApp Telegram

Ырыс қашса да, туыс қашпайды.

Ілмектер: ырыс, туыс
WhatsApp Telegram

Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.

Ілмектер: білім, ырыс
WhatsApp Telegram