Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (147) Өлеңдер (82) Жоспарлар (29) Мақал-мәтелдер (353) Ұлағатты сөздер (225)

Аталы сөзге,
Арсыз жауап қайырар.
Ақ пен қараны
Шындық айырар.

Ілмектер: сөз, тіл, шын

Шал,
Шалдың сөзі — бал.

Ілмектер: сөз, тіл

Ұлы сөзде — ұят жоқ.

Ілмектер: сөз, ұят, тіл

Сөз шындықты табар.

Ілмектер: сөз, шындық, тіл

Көп сөйлеген
Иә жолдасынан,
Иә құрдасынан айрылады.

Ілмектер: сөз, тіл

Ауыз дарбаза,
Сөз самал,
Құдай ұрғанға не амал?!

Ілмектер: сөз, тіл

Жүйелі сөз —
Жүйесін табар;
Жүйесіз сөз —
Иесін табар.

Ілмектер: сөз, тіл

Сөз жүйесін тапса —
Мал иесін табар.

Ілмектер: сөз, тіл

Жүзден біреу — шешен,
Мыңнан біреу — көсем.

Ілмектер: шешен, көсем, сөз, тіл

Бұралқы сөз — күлуге жақсы,
Бұралқы жылқы — мінуге жақсы.

Ілмектер: сөз, тіл, жақсы, төрт түлік мал

Айтпаса жүректен кетеді,
Тартпаса білектен кетеді.

Ілмектер: сөз, тіл

Құр судан май шықпайды,
Құр сөзден мән шықпайды.

Ілмектер: сөз, тіл

Еттен өткен таяқтан,
Сүйектен өткен сөз жаман.

Ілмектер: сөз, тіл

Сөз қуған — пәлеге жолығар,
Шаруа қуған — қазынаға жолығар.

Ілмектер: сөз, тіл, шаруа, қазына, пәле

Өзі — шынашақтай,
Сөзі — келсаптай.

Ілмектер: сөз, тіл

Сөздің басы — бір пышақ,
Аяғы — бір құшақ.

Ілмектер: сөз, тіл

Сөйлемесе қайдан туады?
Сөз сөзден туады.

Ілмектер: сөз, тіл

Айтсаң сөзіңе жет,
Мінгес те, үйіңе жет.

Ілмектер: сөз, тіл

Ауруда — шаншу жаман,
Сөзде — қаңқу жаман.

Ілмектер: ауру, сөз, тіл, жаман

Құрғақ сөз бас ауыртар,
Құрғақ қасық ауыз жыртар.

Ілмектер: сөз, тіл