"үй" туралы Мақал-мәтелдер
"үй" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "үй" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады,
Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.
Ілмектер:
қонақ, үй, қыдыру
Өз үйім өлең төсегім.
Ілмектер:
үй, отан
Ер жігіт үйде туылып, түзде өлер.
Ілмектер:
ер, үй, түз, өлім
Басқа үйдің жығуын білсем де,
Тігуін білмеймін.
Ілмектер:
үй
Үйі жоқтың көңлінде
Алтын сарай жүреді.
Ілмектер:
үй, көңіл, алтын
Үйге кірген жыланды да
Басына ақ құйып шығарады.
Ілмектер:
жылан, ақ, үй
Құс жеткен жеріне қонар,
Қонақ қалаған үйіне қонар.
Ілмектер:
құс, қонақ, үй
Отау үй оңаша келеді,
Отындары тамаша келеді.
Ілмектер:
отау, үй
Оты өшкен үйдің
Шаңырағынан байғыз саңғиды.
Ілмектер:
үй
Үйдің басын қатын қосар,
Елдің басын батыр қосар.
Ілмектер:
үй, батыр, қатын
Ерге сүйенсең,
Ергенегің мықты болар.
Елге сүйенсең,
Қараша үйің құтты болар.
Ілмектер:
ер, үй
Жел тұрды десе,
Үйіңе арқан сал.
Жау келді десе,
Қарыңа қалқан ал.
Ілмектер:
үй, жау
Ер жігіт үйінен шықса, үйіріне қосылар.
Ілмектер:
ер, үй
Үйіңе келгенде,
Үйдей өкпеңді айтпа.
Ілмектер:
үй
Үйі жыртық тамшы жейді,
Жалқау тантық қамшы жейді.
Ілмектер:
үй, жалқау
Үйінде озған — түбінде озар.
Ілмектер:
үй, озу
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі