Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"дос" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "дос" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Досың аз, дұшпаның көп болса —
Ілмектер: дос, ақыл, ашу
Зор боласың.
Ақылың аз, ашуың көп болса —
Қор боласың.
Жас-жаран — ауыл ажары,
Ілмектер: дос
Дос-жаран — қауым ажары.
Алыстағы досыңа
Ілмектер: дос
Ат берсең де жарасар,
Үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа
Хат берсең де жарасар
Ұмытса есіне салсын деп.
Дос басқа
Ілмектер: дос
Дұшпан аяққа қарайды.
Жаңа дос жаныңда жүргенде,
Ілмектер: дос
Ескі дос есіңде жүрсін.
Доссыз — көңіл тұл,
Ілмектер: дос, махаббат
Махаббатсыз — өмір тұл.
Досы жоқ
Сырын кімге айтады?
Тыңдаушысы жоқ
Жырын кімге айтады?
Пайдаңды басыңа қыл,
Ілмектер: дос
Басыңнан артылса, досыңа қыл.
Досты досқа қосқан — сауап,
Ілмектер: дос
Досты достан айырған — жауап...
Досыңа әзілді асырып айтсаң да,
Ілмектер: дос
Басынып айтпа.
Мың дос көп,
Ілмектер: дос
Бір дос онан да көп,
Мың дос сырыңды шашады,
Бір дос мауқың басады.
Достың табанына кірген тікен,
Ілмектер: дос
Менің маңдайыма кірсін.
Жоқ кездегі дос — дос,
Ілмектер: дос
Бар кездегі дос — бос.
Ішерлік асың болсын,
Ілмектер: дос
Мінерлік атың болсын,
Істерлік ісің болсын,
Дос тұтқан кісің болсын.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі