Жер — Мақал-мәтелдер жинағы - 9-бет
Бұл бөлімде "жер" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Әр гүлдің исі басқа,
Әр жердің жынысы басқа.
Ілмектер:
гүл, жер
Көк шықпаған жер —
Көтерем мал сияқты.
Ілмектер:
жер, егіншілік
Жердің тілін білсең,
Тілдей жерден жылдық өнім аларсың.
Елдің тілін білсең,
Елге сыйлы боп жағарсың.
Ілмектер:
егіншілік, жер, сый, ел
Қара жерге қар жауар,
Қарды көрген бір мұрат.
Қара жерден қар кетер,
Жерді көрген бір мұрат.
Ілмектер:
қар, жер, мұрат
Жер — адамның бесігі.
Ел — бақыттың есігі.
Ілмектер:
жер, ел
Жерін қорлаған
Жеріне сыймайды.
Елін қорлаған
Еліне сыймайды.
Ілмектер:
ел, жер
Тарылы
Елге барсаң,
Жарма жерсің,
Балықты елге барсаң,
Қарма жерсің.
Ілмектер:
ел, жер
Кімнің жерін жайласаң,
Соның отын оттарсың.
Ілмектер:
жер
Ағаш — жапырағымен,
Жер — топырағымен.
Ілмектер:
ағаш, жер
Елді жер —
Еңісті жер.
Еңісті жер —
Жемісті жер.
Ілмектер:
жер
Орман —
Ел дәулеті,
Жер сәулеті.
Ілмектер:
орман, жер
Жер байлықтың көзі,
Еңбеккер иесінің өзі.
Ілмектер:
жер, ел, егіншілік
Жер —ана,
Ел — бала.
Ілмектер:
жер, ел
Жер — ырыстың кіндігі,
Еңбек — ырыстың қазығы.
Ілмектер:
жер, ырыс, еңбек
Көп жүрген жер — көл,
Құм жүрген жер — шөл.
Ілмектер:
жер, көл, көпшілік
Жердің көркі:
Орман, тоғай, бұлағы,
Елдің көркі:
Қала, қыстақ тұрағы.
Ілмектер:
жер, ел, көрік
Таза болсаң, судай бол
Бәрін жуып кетірген.
Жақсы болсаң, жердей бол
Бәрімізді өсірген.
Ілмектер:
су, жер, таза
Жеріне қарай — жыланы,
Жауына қарай— құланы.
Ілмектер:
жер, жау, жануар
Су аққан жерінен ағар,
Шөп шыққан жеріне шығар.
Ілмектер:
су, жер, шөп
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі