Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (5) Өлеңдер (16) Мақал-мәтелдер (10) Ұлағатты сөздер (4)

Арғымақтың белгісі,
Аз оттар да көгі жусар.
Асыл жігіт белгісі,
Аз сөйлер де көп тыңдар.

Ілмектер: арғымақ, асыл, сөз, жігіт

Қара арғымақ арыса,
Қарға адым жер мұң болар.

Ілмектер: жан-жануар, жануар, төрт түлік мал, арғымақ

Арғымақтың жақсысы:
Шапса – көлік, сатса – пұл.

Ілмектер: арғымақ, көлік, жақсы, ат, қырғыз мақалы

Ақылды кісінің белгісі—
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Арғымақтың белгісі—
Аз оттап, көп жусайды.

Ілмектер: ақыл, арғымақ, белгі

Арғымағың жамандап,
Кәні, бұдан тапқаның.
Ағайынды жамандап,
Кәні, туған тапқаның.

Ілмектер: арғымақ, жамандау, ағайын, табу

Арғымақ ат арыса да, жабы болмас.

Ілмектер: арғымақ, ат

Арғымақ аттың белгісі —
Аз оттар да, көп жусар.
Жақсы адамның белгісі —
Аз сөйлер де, көп тыңдар.

Ілмектер: арғымақ, ат, жақсы, адам, тыңдау

Арғымақ жалсыз,
Ер қалсыз.

Ілмектер: арғымақ, жал, ер, қал

Арғымаққа оқ түссе,
Мәстектей туламас.
Сыпайыға оқ түссе,
Жамандай шуламас.

Ілмектер: арғымақ, оқ, сыпайы, жаман, шулау

Атаңда жоқ арғымақ,
Анаңда жоқ арғымақ
Саған не керек?!

Ілмектер: ата, ана, бала, арғымақ

Пікірлер