Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақал-мәтелдер (38) Ұлағатты сөздер (5)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"көп" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"көп" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "көп" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Борай-борай қар жауса,
Бұ боран атты өлтірер.
Аз кісіні көп кісі
Жаман да болса, біреуіне келтірер.

Ілмектер: қар, боран, жаман, аз, көп
WhatsApp Telegram

Бай аз, кедей көп.

Ілмектер: бай, кедей, аз, көп
WhatsApp Telegram

Әкім көп беріп, аз алатын болсын.

Ілмектер: әкім, аз, көп
WhatsApp Telegram

Ашулыда ақыл болмас,
Ақыл көп болса, ашу нетер.

Ілмектер: ашу, ақыл, көп
WhatsApp Telegram

Ақылменен көп елді қаратып алуға болады.

Ілмектер: ақыл, көп, ел
WhatsApp Telegram

Аз-аздан жиналса, көп болады,
Көп аздан жиналады.

Ілмектер: аз, көп
WhatsApp Telegram

Аз кісінің теңдігі бар да, төресі жоқ,
Жалғыз аттың астауы бар да, дересі жоқ.

Ілмектер: аз, көп, теңдік, төре, жалғыз
WhatsApp Telegram

Аз бергенді көп көріп,
Көп бергенді көргенмін.
Қарындасты қас көріп,
Топ көргенді көргенмін.

Ілмектер: аз, көп, қарындас
WhatsApp Telegram

Аз асын аяған
Көп астан құр қалар.

Ілмектер: аз, көп, ас, тамақ
WhatsApp Telegram

Азды көпке қосқан сауап.

Ілмектер: сауап, аз, көп
WhatsApp Telegram

Аздың ашпыз дегеніне нанба,
Көптің тоқпыз дегеніне нанба.

Ілмектер: аз, көп, тоқ, аш
WhatsApp Telegram

Айдап салдан аз өлді,
Көре келден көп өлді.

Ілмектер: Ел, Халық, аз, көп
WhatsApp Telegram

Аз болды деп күйінбе, мая болса, қайтесің,
Көп болды деп қуанба, зая болса, қайтесің.

Ілмектер: көп, аз
WhatsApp Telegram

Астық көп болғанмен, оны екі жыл жемейді.

Ілмектер: астық, жыл, көп, тағам, ас, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Аз болса, жетеді,
Көп болса, кетеді.

Ілмектер: аз, көп
WhatsApp Telegram

Жалғыздың жағы жоғалса да табылмас,
Көптің оғы жоғалса да табылар.

Ілмектер: жалғыз, көп, оқ
WhatsApp Telegram

Азды көпке қосқанның
Арманы жоқ.

Ілмектер: аз, көп, арман
WhatsApp Telegram

Жасықтың көбінен де
Асылдың азы артық.

Ілмектер: жасық, асыл, аз, көп
WhatsApp Telegram

Көпке ұнаған құдайға да ұнайды.

Ілмектер: көп, халық, ел
WhatsApp Telegram

Аласыға алтау аз,
Бересіге бесеу көп.

Ілмектер: аз, көп, залық, ел
WhatsApp Telegram