Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (9) Мақал-мәтелдер (70) Ұлағатты сөздер (67) Әзіл, анекдоттар (1)

Ақымақтың үлкен-кішісі болмайды.

Ілмектер: ақымақ

Ақылдыға ишарат,
Ақымаққа таяқ.

Ілмектер: ақыл, ақымақ, ақылды, таяқ

Ымды білмеген, дымды білмейді.

Ілмектер: ақымақ, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Баста мый жоқ болса,
Екі аяққа күш түсер.

Ілмектер: бас, мый, аяқ, күш, ақымақ

Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады,
Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді,
Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді.

Ілмектер: надан, ғалым, білім, ілім, ақымақ, әкім, ұста, өнер

Ақымақты үйрету - өлгенді тірілту.

Ілмектер: ақымақ, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Алла салған отты ақымақ өшіре алмас.

Ілмектер: Алла, от, ақымақ

Ақымақтың қолы ұзын болар.

Ілмектер: ақымақ, қол

Ақылды адам ақымақтан да бірдеңе үйренеді.

Ілмектер: ақымақ, үйрену

Надан көргенін білмейді,
Ақымақ өлгенін білмейді.

Ілмектер: надан, ақымақ

Ақымақ шынын айтамын деп сырын айтар.

Ілмектер: ақымақ, сыр, шындық

Ақымақ әкесін өлтіргенмен дос болады.

Ілмектер: ақымақ, дос, әке

Ақымақ достан ақылды қасың жақсы.

Ілмектер: ақымақ, дос, қас

Ақылды ісіне сенеді,
Ақымақ түсіне сенеді.

Ілмектер: ақыл, ақымақ, түс, іс, араб мақалы

Шақпақ, шақпақты отқа бермек ақымақ.

Ілмектер: шақпақ, ақымақ, от

Жалғыздықтан гөрі,
Ақымақ болса да, жолдасың болғаны абзал.

Ілмектер: жалғыздық, ақымақ, жолдас

Ақымақпен бір қапқа кірмес болар.

Ілмектер: ақымақ

Ақымаққа бөркін ал десең,
Басын алады.

Ілмектер: ақымақ, бас, бөрік

Ақылды отқа қарайды,
Ақымақ қазанға қарайды.

Ілмектер: ақылды, от, қазан, ақымақ

Ақылды көршің — саяң,
Ақымақ көрші — шаян.

Ілмектер: көрші, ақылды, ақымақ