Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (17) Өлеңдер (3) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (242) Ұлағатты сөздер (26) Әзіл, анекдоттар (2)

Ас ішіп, аяқ босатар.

Ілмектер: ас, тамақ

Сол баяғы табағың,
Сол сондағы тамағың.

Ілмектер: тамақ, табақ, парсы мақалы

Екі аспаз ас пісірсе,
Аш қалдым дей бер.

Ілмектер: аспаз, тамақ, ас, парсы мақалы

Сол табағы,
Сол тамағы.

Ілмектер: тамақ, табақ, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Патай жесең, бұлақтың басына барып отыр.

(Патай — бұрыш қосқан тағам)

Ілмектер: тамақ, бұлақ, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Тамақ табағымен емес, тұзымен дәмді.

Ілмектер: тамақ, табақ, тұз

Жаман ит жазда да тамақ дәметеді.

Ілмектер: ит, жаман, тамақ, қырғыз мақалы

Тамақты жамандаған - қарынның тоқтығы,
Туысты жамандаған - ақылдың жоқтығы.

Ілмектер: туыс, тамақ, жамандау

Қалғып кетсең — көзіңе пайда,
Талғап ішсең — өзіңе пайда.

Ілмектер: денсаулық, көз, тамақ, қырғыз мақалы

Аштықта жеген құйқаның дәмі кетпес.

Ілмектер: аштық, құйқа, тамақ, тағам, қырғыз мақалы

Бұйырмаған асқа мұрын қанайды.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ, мұрын, қырғыз мақалы

Аз асқа табақшы болма.

Ілмектер: аз, ас, тамақ, тағам, қырғыз мақалы

Ер тамағы – елден,
Бөрі тамағы – жолдан.

Ілмектер: ер, тамақ, бөрі, қасқыр, жол

Қазының пісуіне шыдағанда,
Қазанның түсуіне шыдамайсың ба?

Ілмектер: қазан, ас, тамақ, шыдамдылық, шыдам, қырғыз мақалы

Еті түгіл табағымды таба алмай жүрмін.

Ілмектер: ет, табақ, ас, тамақ

Күніне ет жеген жан мал табар ма?
Айында ет жемесе, жан бағар ма?

Ілмектер: ет, тамақ, қырғыз мақалы

Арам тамақ ас болмайды.

Ілмектер: тамақ, ас, арам, қырғыз мақалы

Ас – иесімен қадірлі,
Бас – миымен қадірлі.

Ілмектер: ас, тамақ, ми, қырғыз мақалы

Қазан асулы,
Ас пісулі.

Ілмектер: қазан, ас, тамақ

Астың тұзын татқан біледі.

Ілмектер: ас, тұз, тағам, тамақ