Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (10) Жоспарлар (1) Ұлағатты сөздер (2405)

"қанатты сөздер" туралы Ұлағатты сөздер

"қанатты сөздер" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "қанатты сөздер" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Сіздің жоспарыңыз неғұрлым тапқыр болса, соғұрлым аз адамдар онымен келіседі.

Ілмектер: жоспар, тапқырлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сұн Зы
WhatsApp Telegram

Қатемді көрсеткен кісі — ұстазым,
Дұрысымды көрсеткен кісі — досым,
Орынсыз мақтаған кісі — жауым.

Ілмектер: қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұстаз, дос, мақтау, жау, Сұн зы Сұн зы
WhatsApp Telegram

Ақымақ та жауап күтеді.

Ілмектер: ақымақ, нақыл, жауап, афоризм, қанатты сөздер Яков Княжнин
WhatsApp Telegram

Саз — сөз шарғасы жетпейтін, менің тереңнен сыр тартып айтпағымды жеткізер ойым.

Ілмектер: саз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сыр, ой Рихард Штраус
WhatsApp Telegram

— Сіз даналықты кімнен үйрендіңіз? — деп сұрапты? Ұлықпаннан.
— Соқырдан. Ол аяғын қоятын жерді байқап алмай қозғалмайды емес пе.

Ілмектер: соқыр, даналық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, аяқ Саади Ширази
WhatsApp Telegram

Бәріне құмарлық — ол ақымақ әдеті.

Ілмектер: құмарлық, ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Хилон
WhatsApp Telegram

Көркемсурет — үнсіз поэзия болса, поэзия сөйлеп тұрған көркемсурет.

Ілмектер: Көркемсурет, поэзия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Симонид Кеосский
WhatsApp Telegram

Күйгелек пен жайбасар жолға шығыпты. Әңгімелесіп келеді.
Күйгелек: Аузыңнан бір сөздің шығуы бір шыбыштың лақтауындай екен.
Жайбасар: Сен байталша шаптыра сөйлейді екенсің.
Күйгелек: Күн бұлттанды! Жүріңкірейік, жауып кетер.
Жайбасар: Талай бұлттанатын, тарқайтын, жетерміз, ат қинамайық.
Күйгелек: Ат қиналса қиналсын, ішім жарылмасын,—деді де тұра жөнелді.
Жайбасар: Ішімді жармай-ақ, атымды қинамай-ақ мен де жетермін,— деп қала беріпті.

Ілмектер: Күйгелек, жайбасар, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Көңіл көкте, көз көкжиекте. Көк шолақпен тепеңдеп, келем қашан жетем деп.

Ілмектер: Көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Екі долы кездессе, дамбалдары суланбай қоймайды.

Ілмектер: долы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

«Алтау ала болса — ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп отыратын ынтымақ құмарды айт.

Ілмектер: ынтымақ, құмар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Татуды араз етсе қыбы қанады, өзінен озықты көрсе іші жанады.

Ілмектер: тату, озық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Е, тәңірі, өз бұзауымды сақта, көршінің өгізі садаға!

Ілмектер: бұзау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Күйгелектің күні қыста да ыстық, жайбасардың күні жазда да салқын.

Ілмектер: Күйгелек, қыс, күн, ыстық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жайбасар, жаз, салқын Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Оның басқамен, басқаның онымен ісі жоқ. Керегі тек — тойғаны, өзімен өзі болғаны.

Ілмектер: іс, тою, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Болмашыға бет жыртысады, кейін табысады, тағы жыртысады, не қалды беттен?

Ілмектер: бет, нақыл, афоризм, табысу, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Сөзі сылдыр, ойы бұлдыр, қолды-аяққа тұрмайды құрғыр.

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Екі шақар кездессе, жұдырықтары шекеде ойнайды.

Ілмектер: жұдырық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Мен Ұлы адам деп адамзатқа ұлы-ұлы еңбек еткендерді атаймын.

Ілмектер: ұлы, адамзат, еңбек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа Вольтер
WhatsApp Telegram

Ақылы жасына сәйкес келмеген жан, бақытсыз жан.

Ілмектер: ақыл, бақытсыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа Вольтер
WhatsApp Telegram