Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"ақыл" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "ақыл" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Адамзатқа не керек:
Ілмектер: адамзат, сүю, сезу, ақыл Абай Құнанбайұлы
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
Ата-ананың ақылы — қазулы қара жолмен тең.
Ілмектер: ата-ана, ақыл, жол Дулат Бабатайұлы
Ақыл — адам көрігі, ақылдың сабыр серігі.
Ілмектер: ақыл, адам, Сабыр Мұхтар Әуезов
Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.
Ілмектер: ақыл, сену, жоқ, Шын Абай Құнанбайұлы
Жұрттың бәрі ұмытшақпын деп зар илегенде жақсы, ал ақылының аздығына арыз айтқандарды кездестірген жоқпыз.
Ілмектер: ұмытшақ, ақыл, арыз Франсуа де Ларошфуко
Сөйлеуді үйренгенің - өскенің. Үндемеуді үйренгенің - ақылыңның кіргені.
Ілмектер: ақыл, өсу Бернард Шоу
Ақыл да ойлағанды ұнатады. Ойланып-толғанған адамға ғана ақыл дұрыс жол көрсетеді.
Ілмектер: ақыл, дұрыс, жол Бауыржан Момышұлы
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Ілмектер: ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаз Абай Құнанбайұлы
Аз да болса өз ақылың болсын
Ілмектер: ақыл Максим Горький
Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Ілмектер: қайрат, ақыл, жүрек Абай Құнанбайұлы
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі